23,24,25 қарашаға ауа райы болжамы
23-25 қарашаға ауа райы болжамы шықты. Алдағы күндері аяз бәсеңдегенімен, ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен болады
НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«21-22 қараша климаттық қыстың басы болып саналады. Бірақ республиканың солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде қатты аязбен басталып, оңтүстік облыстарға да тарады», — дейді синоптиктер.
Алдағы демалыс күндері солтүстік теңіздерден суық және дымқыл ауаның ығысуы жалғасады. Сондықтан республиканың басым бөлігінде ауа райы бұлтты болады, кей жерлерде қар, бұрқасын, солтүстік-шығыстан екпінді жел соғады.
Мамандардың айтуынша, аяз бәсеңдей бастағанымен, ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен төмен болады.
Мегаполистерде ауа-райы қандай болады
Нұр-Сұлтан
- 23 қарашада күн бұлтты, түнде ауа температурасы -17°C, күндіз -11°C;
- 24 қарашада күндіз бұлтты, қар жауады, түнде -18°C, күндіз -9°C;
- 25 қарашада күн бұлтты, аздап қар жауады, түнде -7°C, күндіз -5°C болады.
Алматы
- 23 қарашада күн ашық, түнде -6°C, күндіз +3°C;
- 24 қарашада күн бұлтты, аздап қар жауады, түнде -2°C, күндіз +1°C;
- 25 қарашада күн бұлтты, аздап қар түседі, түнде -1°C, күндіз -2°C-қа дейін төмендейді.
Шымкент
- 23 қарашада күн бұлтты, ауа температурасы түнде 0°C, күндіз +4°C;
- 24 қарашада күн бұлтты, күндіз аздап жаңбыр жуады, түнде -1°C, күндіз +3°C;
- 25 қарашада күн алабұлтты, қар түседі, түнде -4°C, күндіз -2°C болады.
sputniknews.kz