22 желтоқсан. Туған күн иелері

0
171

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 22 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

22 желтоқсан. Туған күн иелері 159 жыл бұрын (1859-1919) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Бақтыгерей ҚҰЛМАНОВ дүниеге келді.

Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің Шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды. Б.Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-нен желтоқсанның 2-не дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.


22 желтоқсан. Туған күн иелері 64 жыл
бұрын (1954) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Омархан Нұртайұлы ӨКСІКБАЕВ дүниеге келген.

Ол Алматы облысында туған. 1975 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірді. 1991 жылы Францияда (Парижде) «Нарықтық экономикадағы аудиторлық қызмет» мамандығы бойынша білім алды. Экономика ғылымдарының докторы.

Еңбек жолы: Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист (1975 – 1976); ГДР-дағы Кеңес әскерлері тобының құрамында әскери қызметте (1976 – 1977); Алматы облыстық қаржы басқармасында аға экономист (1977 – 1979); Алматы облысы Балқаш ауданының кеңшарда бас экономист, Алматы облыстық суармалы жерлерді игеру басқармасының жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы (1979 – 1984); Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі, ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бастығы, басқарма бастығының орынбасары (1984 – 1992); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің басқарма бастығы, алқа мүшесі (1992 – 1996); ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекетаралық қатынастар басқармасының бастығы (1996 жылғы ақпан – сәуір); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (1996 – 1998); Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының мүшесі (1998 – 2000); ҚР Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары (2000 – 2002); ҚР Президенті Әкімшілігінің Бас бақылау инспекциясының басшысы (2002); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы (2002 жылғы шілде – 2003 жылғы маусым); Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы (2003 – 2012); бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған (2012-2016).

Қазіргі лауазымын 2016 жылдан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен (2004), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Тыңға 50 жыл» (2004), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, III дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2011), «Парасат» орденімен (2012), II дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2012), I дәрежелі «Қаржы сақшысы» ведомстволық медалімен (2014) марапатталған.


22 желтоқсан. Туған күн иелері 64 жыл
бұрын (1954) ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары архивінің директоры Алла Федоровна СЕЙІТОВА дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетін, Мәскеу мемлекеттік тарих-мұрағат институты жанындағы құжаттану факультетінің екіжылдық курсын бітірген.

ҚР Ұлттық мұрағат қорының аудиовизуальдық құжаттарын сақтау және пайдалану жөнінде ғылыми жинақтарда, мұрағат саласындағы арнайы журналдардағы, газеттердегі 40-тан астам жариялапнымның авторы. 1975 жылдан – Талдықорған қаласында орта мектепте орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы. 1978 жылдан – ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалары мұрағатының аға мұрағатшысы, бөлім бастығы, директордың орынбасары. Қазіргі қызметінде – 1995 жылдан бері.

«Мұрағат ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің грамоталарымен марапатталған, Мәдениет қайраткері.

22 желтоқсан. Туған күн иелері 54 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Марат Мұратұлы АХМЕТЖАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1991 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1991 жылғы қыркүйек – 2012 жылғы ақпан аралығында прокуратура, әділет органдарында, мемлекеттік тергеу комитетінде қызмет еткен. Павлодар және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп жөніндегі комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы (2014-2016); ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы (01.2016-06.2016).

Қазіргі қызметінде – 2016 жылдан бері.

3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі – сыныптық шені бар. «Құрмет» орденімен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008), «Адмирал Кутузов» (2003), «300 лет Российскому флоту»; марапатталған.


22 желтоқсан. Туған күн иелері 49 жыл
бұрын (1969) Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары Зүлфия Каримуджанқызы ХУДАЙБЕРГЕНОВА дүниеге келген.

Ташкент политехникалық институтын инженер-жүйе технигі мамандығы бойынша (1992), Ташкент педагогикалық институтын педагог – психолог мамандығы бойынша (2000) тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1999 жылдан бастап байланыс саласында жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі Байланыс департаменті директорының орынбасары (2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Телекоммуникация жобаларын дамыту басқармасының басшысы (2014 – 2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Байланыс департаментінің директоры (2017 – 2018); 2018 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитеті төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) мерекелік медальдармен марапатталған.  


22 желтоқсан. Туған күн иелері 49 жыл
бұрын (1969) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Балгүл Амангелдіқызы РАИСОВА дүниеге келген.

Ол 1993 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1999 жылы Ұлыбританияда Хардфоршир колледжінде оқыды. 2000 жылы «Ұлағат» Алматы университетінің экономика факультетін «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Geneva Business School Kazakhstan оқу орнын «әлеуметтік жүйелердегі маркетинг» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының хатшысы, сот отырысының хатшысы, кеңсе меңгерушісі (1987-1988); Оңтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі (1994 жылғы мамырдан); Медиация және келіссөз орталығының «Әлеуметтік әріптестік орталығы» «Самұрық-Қазына» корпоративтік қорының дәріскері және бизнес-тренирі (2013); «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің дәріскері және бизнес-тренирі (2013 жылғы маусымнан бастап); медиациясаласындағы заңнама жөнінде ұлттық сарапшы ретінде халықаралық ұйымдармен қызмет етті (2013-2015).

Қазіргі лауазымын 2016 жылғы ақпан айынан бері атқарып келеді.

2006 жылы Қазақстан адвокаттар одағының «Кәсіпқойлығы үшін» медалімен, 2014 жылы Республикалық адвокаттар алқасының «Адвокатураны дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 3 ақпандағы №188 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғары сот Кеңесінің мүшесі болып табылады.

22 желтоқсан. Туған күн иелері 41 жыл бұрын (1976) «Қазаэронавигация» РМК бас директоры Азат Ғаббасұлы БЕКТҰРОВ дүниеге келді.

Павлодар қаласында туған. Негізгі бастапқы білімі – жоғары экономикалық. Банк ісі мамандығы бойынша Абай атындағы Алматы Гуманитарлық Университеті аяқтаған. Golden Gate University (Калифорния, АҚШ) университетінің магистратурасын маркетинг мамандығы бойынша аяқтаған. Маркетингте магистр, «Экономика, басқару теориясы» мамандығы бойынша PHD докторы ғылыми дәрежесіне ие. Калифорния университетінің (Бёркли, АҚШ) Іскерлік ұйымдастыру мамандығы бойынша диплом иегері. Еңбек қызметін 2001-2002 жылдары аралығында Сан Рамон қаласы (АҚШ) «Шеврон» корпорациясының электрондық бизнес жобасының сарапшысы ретінде бастаған. 2002-2004 жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ-ның корпоративтік даму департаментінің бас менеджері, департамент директорының орынбасары, департамент директоры қызметтерін атқарған. 2004-2006 жылдары «Эйр Астана» АҚ вице-президенті лауазымында жұмыс жасаған. 2006-2014 жылдары Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі. 2014 жылғы тамыздан бері қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен, түрлі дипломдар мен грамоталармен марапатталған.


22 желтоқсан. Туған күн иелері 38 жыл
бұрын (1980) «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Сәкен Шынарбайұлы МӘТОВ дүниеге келген.

Ол қазіргі Түркістан облысында туған. 2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Бизнестегі ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша біліп алып шықты.

Еңбек жолын 2003 жылы «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласы КСД ғаламтор-қызметі және залдарды сүйемелдеу бөлімінің 1-санатты маманы ретінде бастаған. «К-logic Web» ЖШС-да коммерциялық директор лауазымын атқарды (2007 – 2008); «UTeL.KZ» ЖШС-ның бас директоры ретінде жұмыс жасап келді (2009-2016); «Kazsatnet» ҰК» АҚ-ның басқарушы директоры (2016 жылдың қазан айынан бастап); Директорлар кеңесінің шешімімен «Kazsatnet» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы және техникалық директоры (2016 жылдың желтоқсан айынан бастап).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2017 жылдың наурызында кірісті.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz