22 жасында әкімнің кеңесшісі болған Самира Тайтенова жайлы мәлімет шықты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Самира Тайтенова әкімнің штаттан тыс кеңесшісі қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді қадағалайды

КӨКШЕТАУ, 13 мамыр – Sputnik. 22 жастағы Самира Тайтенова Ақмола облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.  

Самира Тайтенова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында бұл тағайындау өзі үшін үлкен құрмет, жауапкершілік екенін жасырмады. Ол сенім білдіргені үшін облыс әкімшілігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке алғысын білдірді.

Әкімнің жаңа кеңесшісі алдағы жұмысында «еститін мемлекет» тұжырымдамасына баса назар аудармақ.

«Мемлекет пен ақмолалықтар арасында шыншыл дәнекер болуға тырысамын. Расталған ақпараттың тапшылығы түсінбестік тудырады. Бұл әртүрлі болжамдарға, тіпті ашық жалған мәлімет таратуға әкеліп соғады. Әлеуметтік желілерді қолдана отырып, халықпен жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметкерлермен бірге желідегі пікірталастарға қатысамыз, азаматтардың сұрағына онлайн жауап береміз», — деді Самира Тайтенова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айтпақшы, штаттан тыс кеңесші қызметіне жалақы төленбейді.

Самира Тайтенова 1998 жылы Степногорск қаласында дүниеге келген. Екі баланың кенжесі. Самираның мансабы отбасылық жағдайына байланысты ерте басталды.

«Әкем 2015 жылы ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды. Әкем қайтқаннан кейін анам шахтаға қойма меңгеруші болып жұмысқа орналасты. Оған көмектесуді ұйғарып, мен де жұмыс таптым», — деп түсіндірді қыз.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекетті басқару жүйесіне жастарды тартатынын мәлімдеді

Келесі жылы 18 жастағы Самира Тайтенова «Жас Отан» жастар қанатының облыстық  филиалына қарасты «Кеңес орталығы» консалтинг-орталығының кеңесшісі болып жұмысқа орналасты. Оған қоса «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» жобасын үйлестірді.

«Студент кезімнен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат қызықтырды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жайлы іс-шараларға жиі қатысатынмын. Алдымен акциялар, конкурстар өткіздік, содан кейін жобаларды үйлестірдік. Олардың барлығын сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұйымдастырды», — деп атап өтті Тайтенова.  

Оның жоғары заң білімі бар, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

2019 жылдың мамыр айынан бастап «Aqmola – Adaldyq Alany» жобалық  кеңсесін басқарды. Оның міндеті – жемқорлық деңгейін қысқарту, мемлекеттік билік институтына деген сенімді арттыру.

Самира – Жазғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектебінің түлегі. Бірнеше рет агенттік төрағасының алғыс хатымен марапатталған.



sputniknews.kz