22 млн жымқырған астаналық кәсіпкер шартты түрде сотталды

0

Астаналық кәсіпкер қызметкерлерді оқытуға арналған 22 миллионнан астам теңгені иемденген. Бұл үшін ол шартты түрде сотталды, деп хабарлайдыzakon.kz.

Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі «Максвидл» ЖШС басшысы А.М.Рахимовқа қатысты қылмыстық істің аяқталғанын хабарлайды. Оған бюджет қаражатын жымқырды және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдаланды деп айып тағылды.

Бұл адам «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ-ға 2016 жылдың 20 маусымы мен 20 шілдесі аралығында Пермь қаласында (Ресей) «Поток- М » ЖШҚ цехынан өз жұмыскерлерінің өндірістік шеберханаларда оқу және тағылымдамадан өту қызметін алғандығын растайтын жалған құжаттарды ұсынғаны атап өтіледі.

Сөйтіп, ол 22 миллион теңгеден астам ақшаны қолды қылды. Бұл ақша еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға арналған.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық соты Рахимовты алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оны 4 жыл мерзімге индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде 3 жыл 9 айға соттады.