22 ақпандағы митингі қарсаңында Нұр-Сұлтанда үш белсенді жауапқа тартылып жатыр

0

Нұр-Сұлтан қаласында 18 ақпанда кем дегенде үш белсендіні жауапқа тартылды, олар кеше, 17 ақпанда Қазақстан президентінің резиденциясына қарай өтуге тырысып, қарсылық акциясына шыққандар арасында болған.

Кеше түстен кейін ипотека борышкерлерінің жетекшісі Қанағат Тәкееваны, «әділетсіз сот» шешімдеріне наразы топ жетекшісі Санавар Закированы және олармен бірге қарсылық акциясына шыққан Алматы тұрғыны Мәдина Көкетаеваны полиция басқармасына алып кеткен. Оларды Ақордаға барар жолда, үкімет үйінің алдында ұстаған.

17 ақпанда сағат 21 шамасында Азаттық тілшісіне Нұр — Сұлтан қаласы Есіл аудандық полиция басқармасының бастығы Мадияр Айтуғанов «полиция ұсталғандармен әңгімелескенін, олардың үш сағаттан артық бөгелмегенін» айтқан еді. Оның сөзінше, ұсталған үш белсенді әйелдің үшеуі де «қоғамдық орында тәртіп бұзғаны үшін» полиция басқармасына жеткізілген.

Сол күні Нұр — Сұлтан соты полиция рапорты бойынша Тәкееваны Қылмыстық кодекстің «Полицияға бағынбау» деген 667 бабымен айыптап бес тәулікке қамау туралы шешім шығарған.

Сот баспасөз қызметі Азаттыққа бүгін Есіл аудандық ішкі істер басқармасында судья Құралай Арқабаева Санавар Закирова мен Мәдина Көкетаева байланысты «көшпелі сот процесін» өткізетінін айтты. Адвокат Бауыржан Азановтың сөзінше, Закирова мен Көкетаева кешеден бері полиция басқармасында отыр, белсенді Қанағат Тәкееваны «көшпелі сот» түн жарымында соттаған. Ал адвокаттың өзін оларды қорғауға жібермеген.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты жайлы сұраққа жауап бермеді.

Дүйсенді күні, таңғы 10:30 шамасында үкімет үйінің жанына жиналғандарды полиция қызметкерлері президент резиденциясына жақындатпай, жолын бөгеген болатын. Қарсылық акциясына шыққандар жоғары лауазымды тұлғалармен, соның ішінде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және оның қызы, парламент сенатының спикері Дарияға Назарбаевамен кезестіруді талап еткен.

Өткен аптада билік орындары әртүрлі айып тағып, 20-дан астам белсендіні жауапқа тартқан. Белсенділердің ұсталуын құқық қорғаушылар «22 ақпанда өтетін қарсылық акциясына биліктің дайындығы» деп бағалаған.

Azattyq