217 қазақстандық Бежіңнен эвакуацияланды – Қазақстан жаңалықтары

0
46

Қытай астанасы Бейжіңнен Қазақстанның 217 азаматы эвакуацияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ұшақ

Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты мәлімдеді.

«Бүгін таңертеңгі 06.05-те Бейжің қаласынан Қазақстанның 217 азаматы жеткізілді. Олардың барлығы қазір арнайы медициналық ұйымға орналастырылып жатыр. Араларында науқас адамдар тіркелген жоқ», – деді Біртанов.

Қазіргі таңда ҚХР-да 497 қазақстандық азамат жүр, олардың 337 студент. 12 ақпан күні тағы 145 азамат елге жеткізіледі. 343 азамат Қытайда қалуды жөн көрген.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Қытайдағы отандастарымызды эвакуциялауға ұшақ жіберетіндігін айтылған болатын 

stan.kz