Украина шенеуніктері: Ресей қаза болған сарбаздарының мәйіттерін тастап кетеді

0
234

Би-би-си қызметі ашық дереккөздерге сүйене отырып, Украинадағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан 1899 ресейлік сарбаздың аты-жөні қазірдің өзінде расталғанын анықтады.

Бұл тізімді Ресейдің Украинаға басып кірген уақыттан бастап ВВС мен еріктілер тобы жүргізіп келеді.

  • Майдан даласында қаза тапқандардың 19%-ы кіші лейтенанттан генералға дейінгі шендегі офицерлер;
  • Марқұмдардың 20% әуе-десанттық әскерлерде қызмет еткен;
  • Қайтыс болғандардың 9%-ы Мәскеу қаласынан;
  • Ең көп көз жұмғандар Дағыстан (кемінде 130 адам қаза тапты) және Бурятиядан (кемінде 90 адам қайтыс болды);
  • Кейбір аймақтарда журналистер мен қаза болғандардың туыстары солдаттар мен офицерлер туралы ақпаратты жарияламауды талап етіп, жергілікті әкімшіліктердің оларға қысым көрсетіп жатқанын хабарлаған;
  • Ресейдің екі аймағынан (Ненецк автономиялық округі мен Ямало-Ненец автономиялық округі) адам шығыны тіркелмеген.

Би-би-си өз талдауын тек марқұм туралы нақты ақпарат, оның ішінде толық аты-жөні мен дәрежесі және мүмкіндігінше жерленген жері бар хабарларға негіздеді. Көбінесе есімдерді Ресей облыстарының басшылары немесе марқұмның бұрын оқыған аудан әкімшілігі, жергілікті БАҚ және оқу орындарының өкілдері жарялаған. Еріктілер зираттарды аралау арқылы, 2022 жылдың басынан қаза тапқан жауынгерлердің қабірлеріп іздеп, жаңа есімдерді қосып жатыр.

Соңғы рет Ресей Қорғаныс министрлігі ресми түрде 25 наурызда 1351 әскери қызметкердің қаза тапқанын хабарлаған болатын.  Украина қарулы күштерінің өкілдері әлдеқайда үлкен көрсеткішті — 20 мыңнан астам қаза тапқан ресейлік сарбаздың бар екенін мәлімдеді.

Белгіленген шығындар тізімінде офицерлердің мұндай көп болуы ұрыс даласында қаза тапқан әрбір бесінші адам ресейлік офицер дегенді білдірмейді.  Ресей әскердің қаза болған қолбасшыларының денесін алдымен отбасына жібереді, содан кейін ғана жария етеді, — дейді Корольдік қорғаныс және қауіпсіздікті зерттеу институтының қызметкері Сэмюэл Кренни-Эванс.

«Бұрынғы қақтығыстарда ресейлік әскерилер қайтыс болған офицерлердің денелерін эвакуациялауға көбірек көңіл бөлетін. Ал кейін төменгі шендегі әскери офицерлерге айтарлықтай назар аудармайтын. Бірақ сонымен бірге офицерлер шынымен де ресейлік әскерилер қарулы күштердің негізін құрайды», — дейді сарапшы.

Қазір жоғалғандар тізімінде 10 полковник, 20 подполковник, 31 майор және 155 кіші офицер бар. Украина жеті ресейлік генерал қайтыс болғанын мәлімдеді, бірақ Ресей тек генерал-майор Андрей Суховецкийдің өлімін растады.

«Ресей офицерлері өз взводтарына, роталарына немесе батальондарына тактикалық басшылықты және дайындықты қамтамасыз етеді. Ресей армиясындағы сержанттар көбінесе тек техниканы басқарады немесе бұйрықтарды орындайды. Бұл офицерлер көбірек функцияларды қабылдауға, жауапкершілікті алуға мәжбүр дегенді білдіреді. Сондықтан, көптеген басқа армиялардағы офицерлерге қарағанда, орыс офицерінің жиі әрі көп майдан даласында қаза болады», — дейді Кренни-Эванс.

Көпшілікке белгілі болған жағдайда өлгендердің мәйіттері екі-үш аптадан кейін ғана үйлеріне жеткізіледі.  Мәселен, Ресей гвардиясының арнайы жасақтарының прапорщигі Руслан Галямов, жарияланған мәліметтер бойынша, 11 наурызда қаза тауып, 26 наурызда жерленген.

Кейбір жағдайларда денені бір айдан кейін жерлейді.  Сонымен, 20 жастағы Михаил Баканов, ресми мәліметтер бойынша, соғыстың екінші күні – 25 ақпанда қаза тапты.  Олар оның денесін наурыз айының соңында ғана үйіне жеткізген.

Британдық Корольдік қорғаныс және қауіпсіздікті зерттеу институтының мәліметінше, өлгендердің мәйіттерін жеткізудің мұндай уақыты, әдетте, қазіргі ірі қақтығыстар уақытында орын алады.

Украина шенеуніктері мен куәгерлері «Ресей армиясы шегініп бара жатқанда өлген сарбаздардың мәйіттерін тастап кетеді», — деп талай рет уәж айтқан.  Украина президенті Владимир Зеленский Киев өлгендердің денелерін Ресейге өткізгісі келетінін, бірақ Ресей әуеліде бас тартқанын, кейін олар бірнеше сөмке ұсынғанын мәлімдеді.

Наурыздың екінші жартысында Николаев облыстық әкімшілігінің басшысы Виталий Ким жергілікті тұрғындарды Украина азат еткен аумақтардағы ресейлік әскерилердің мәйіттері туралы хабарлауды сұрады.

«Олар қаза болған сарбаздардың мәйітін тастап кетіп жатыр, көктемде және жазда бұл біздің үлкен проблемамызға айналуы мүмкін. Олардың қайда екенін айтыңыз, […] мүмкін болса, ең болмаса оларды қапқа салайық. Сондықтан оларды жинауымыз керек және  тоңазытқышқа салайық, ДНҚ сараптамасы анықтаған соң отбасыларына қайтарамыз, өйткені бұл сарбаздардың да аналары бар», — деді басшы.

Майдан даласында қаза тапты екен деп қараусыз қалдыру — қатігездік. Олардың қатарында біреудің ұлы, біреудің жары, біреудің бауыры, біреудің әкесі. Сынып қалды деп, сол жерге тастап кететін зат емес, адам. Олардың өліміне себепкер болғандар, ең болмағанда соңғы рет отбасына апарып, жер қойнына тапсырғаны абзал болар еді.

(ақпарат: BBC.com, фото: regnum.ru)