21 жастағы қазақ жігіті жеңілмеген америкалықты тізе бүктірді (фото) — новости Казахстана
21 жастағы қазақстандық Ескендір Харсан өзінің кәсіби бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізіп, жеңілмеген америкалық Хорхе Рамостан басым түсті. Осылайша ол екінші аса жеңіл салмақта жастар арасындағы WBC Intercontinental титулын жеңіп алды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сегіз раундқа созылған жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жеткен.
Айта кетейік, Ескендір өзінің мансабындағы екінші чемпиондық белбеуге қол жеткізді.
Бұған дейін жас спортшы Бүкіләлемдік бокс бақылау кеңесінің бос тұрған WBB белбеуіне ие болған.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар