​21 жастағы бойжеткен сақтандыру сомасын алу үшін өз қолын өзі кесіп тастаған

0

​21 жастағы бойжеткен сақтандыру сомасын алу үшін өз қолын өзі кесіп тастаған

Словенияда жергілікті 21 жастағы бойжеткен сақтандыру компаниясынан 383 мың еуро мен мүгедектік жәрдемақысын алу үшін өз қолын өзі кесіп тастаған.  Ол қолын білезік тұсынан кескен.

 
 
Қазір бойжеткенге және 29, 58, 63 жастағы үш ер адамға қатысты алаяқтық бабы бойынша іс қозғалған. Олар енді бір жылдан сгіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктілер бұл қылмысты өткен жылдың соңында ойластырған. Олар бес сақтандыру компаниясымен жазатайым жағдайдан сақтандыру келісімін жасаған. Бірінші айда сақтандыру жарнасын салғаннан кейін, бойжеткен биылғы жылдың басында өз қолын әдейі кесіп тастаған. Ол бұны жазатайым жағдай деген. 63 жастағы сыбайласы алғашқы көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Ал кесіліп қалған қолды ол оқиға орнында әдейі ұмытып кеткен. Оны полицейлер алып келіп, дәрігерлер қыздың қолын тігіп берген. Осылайша қызды толық еңбеккке жарамсыздықтан сақтап қалған. Күдіктілердің ойлағаны іске асып, бойжеткен еңбекке жарамсыз болып қалған жағдайда ол 383 мың еуро өтемақы мен өмір бойғы мүгедектік жәрдемақысын алып отыратын еді.
 
Дереккөз: РИА Новости

http://inform.kz