21 тамызда қандай іс-шаралар өтеді

0

21 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

10.00 – Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы. Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтеді (Партияның орталық аппараты, Қонаев көшесі, 12/1. Анықтама телефоны +7 (7172) 55 55 62, аккредитация press@nurotan.kz поштасы арқылы жасалады).

10.00 – «ALTYN OIMAQ жеңіл өнеркәсіп орындарының бірінші форум-көрмесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға «Атамекен» ҰКП» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ләззат Рамазанова, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов қатысады («Изумрудный квартал» бизнес орталығы, Қонаев көшесі 8, блок «Б», 24-қабат. Аккредитация +7 (7172) 91 93 67 және pr@atameken.kz электронды поштасы арқылы жүргізіледі).

11.00 – «С5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесу. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан сыртқы істер министрлері мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары қатысады. Жиын барысында сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты дамыту мәселелері, қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлер талқыланады. «С5+1» форматы – Орта Азияның бес мемлекеті мен АҚШ арасындағы экономика, экология және қауіпсіздік салаларында өзара іс-қимылдың көпқырлы тетігі (Қазақстанның сыртқы істер министрлігі, Қонаев көшесі, 31, «Қазақстан» залы).

11.00 – «Единая история» халықаралық мотошеруі өтеді. Шеруді Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының қолдауымен «Черные ножи» (Екатеринбург қаласы) мотоклубы ұйымдастырады. Шараның мақсаты Ұлы отан соғысына қатысушы мемлекеттер арасында байланысты нығайту және Ұлы Отан соғысына қатысқандардың рухына тағзым ету. «Черные ножи» мотоклубы Екатеринбургтен (Ресей) сапар шегіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арқылы жүріп өтпек (Байланыс телефондары: +7 701 261 39 64, +7 905 806 30 36).

14.00 – «Нетворкинг және жастар ұйымдары арасында тәжірибемен бөлісу» жобасы аясында Қазақстан-АҚШ жастар форумы өтеді. Шараның мақсаты – қос мемлекеттің жастары арасында байланысты нығайту. Форум аясында екі елдің жастар ұйымдары өзара меморандумға қол қояды (Hilton Garden Inn Astana қонақ үйі, Қабанбай батыр көшесі, 15, байланыс телефоны: +7 778 183 88 85).

15.00 – «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылығының қатысуымен брифинг өтеді. Шарада жолаушылар, жүк және пошта заттарын тасымалдау ережесіне енгізілген өзгерістер айтылады («ҚТЖ» ҰК» АҚ, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 6, байланыс телефондары: +7 701 414 29 76, +7 (7172) 60 01 98).

15.00 – Шахтерлер күніне орай салттанатты жиын өтеді. Оған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қанат Баитов, тау-кен саласының ардагерлері қатысады. («Транспорт Тауэр» ғимараты, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1).

19.00 – Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәліні «Күншығыс орденімен» марапаттау рәсіміне байланысты салтанатты қабылдау өтеді (Жапонияның Қазақстандағы елшілігі. Байланыс телефондары: +7 (7172) 97 78 43, +7 (7172) 97 78 40).

19.00 – Nur-SultanMusicAwards халықаралық музыка фестивалі. Фестиваль аясында әлемнің әртүрлі елдерінен жиналған қазіргі заманғы музыка орындаушыларына сыйлық табысталады. Грузия, Франция, Италия, Латвия, Әзербайжан, Өзбекстан, Украина, Ресей мен Қазақстанның музыкалық рейтингтерінде көш бастап тұрған әртістер бір сахнада өнер көрсетеді («Барыс арена» мұз сарайы. Байланыс телефоны: +7 701 777 23 11).

19.00 – «Звучащие образы» фортепиано музыкасына арналған кеш. Қазақстан мен Еуропа сахналарында солист ретінде және камералық ансамбль құрамында өнер көрсетіп жүрген пианист Әсел Әбілсейітова концерттік бағдарлама ұсынады. 2010 жылы Қарағанды өнер колледжінің түлегі Лондондағы Корольдік музыка академиясына түсіп, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанды. 2016 жылы Швейцариядағы Базель жоғары музыка мектебінде өнер магистрі дәрежесін алды. Оқу оқып жүрген жылдары Әсел әйгілі музыканттардың шеберлік сағаттарына қатысып, Ұлыбритания, Италия, Германия жне Швецарияда өнер көрсетті («Астана Опера» театры, Қонаев көшесі,1).

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

10.00 – Алматы облысындағы мектепке дейінгі білім беру саласына инвестиция құятын инвесторлардың екінші облыстық форумы өтеді (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы, Талдықорған қаласы, 8, 2А шағын ауданы. Байланыс телефондары: +7 (701) 722 9644, +7 (708) 630 4378).

ПАВЛОДАР

10.00 – IIІ республикалық ASAR ҮЕҰ-бизнес-мемлекет үш жақты ынтымақтастықтың форумы. Форум жұмысы төрт бағытта өтеді: SOCIAL – ASAR «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуының тиімді модельдері», ЕCO – ASAR «Жасыл» серіктестік форматындағы әлем», IT – ASAR «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы ІТ жобалардың рөлі» және INCLUSIVE – ASAR «Инклюзивті қоғам уақыты». Сондай-ақ мастер-класс, case-study семинарларын, workshop (практикум), «Спикер #7» интеллектуалды конференциясын ұйымдастыру және меморандумдарға қол қою жоспарланып отыр. Бұған қоса, алғаш рет «ASAR activity» акциясы өткізілмек. Оның аясында форум қатысушылары «Бірге – таза Қазақстан» республикалық акциясына қосылады. Сонымен қатар cisc.kz/ru/site/asar платформасында ҮЕҰ әлеуметтік жобалары байқауы өткізілді. 144 өтінімнің арасынан 100 жоба үздік деп танылды (Достық үйі, 1 Мамыр көшесі, 35/1, анықтама телефоны +7 701 917 88 21).

22 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

19.00 – «Камералық музыканың тылсым үні» концерті. Концертке Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысады. Айман Бейсен (скрипка), Ильхам Айымбетов (виолончель) және Клим Пак (фортепиано) Мендельсонның «№1 виолончель мен фортепианоға арналған сонатасын», Григтың «№1 скрипка мен фортепианоға арналған сонатасын» және Шостаковичтің «№1 триосын» орындайды (Ресейдің ғылым және мәдениет орталығы, Кенесары көшесі, 39).

АЛМАТЫ

11.00 – I Central Asia Youth Festival (CAYF) Орталық Азия жастар фестивалі. Шараны Қазақстанның тұңғыш президенті қоры мен Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастырады. Фестиваль Қазақстандағы жастар жылына арналған. Қордың шараны ұйымдастыру бойынша серіктестері – БҰҰ, ЕҚЫҰ және Конрад Аденауэр қоры («Шымбұлақ» тау курорты. Аккредитация +7 705 919 74 00 нөмірі арқылы жасалады).

12:00 – мемлекет қайраткері, социалистік еңбек ері, академик Дінмұхамед Қонаевқа арналған веб-сайттың тұсау кесер рәсімі өтеді. (Қазақстан пресс-клубы, Самал-2 шағын ауданы, 58, Байланыс телефоны +7 747 262 20 63).

ҚОСТАНАЙ ОБЛАСЫ

09.00 – Қостанай облысы ауыл әйелдерінің форумы өтеді. Шараны Қостанай облысының әкімдігі, «G-Global» халықаралық хатшылығы,»Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы, Қазақстан аграрлық әйелдер ұйымы ұйымдастырады. Форумға ҚР президенті жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия қолдау көрсетеді (Қостанай ауданы, Мичурин ауылдық округі, «Золотой фазан» қонақ үйі. Байланыс телефоны: +7 778 456 09 99).

23 тамызға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – «Қала жолындағы оқиға» атты балаларға арналған спектакль өтеді. Танымал мультфильмдегі Алекс атты арыстан, Марти атты зебра, Дюбуа есімді комиссар кішкентай феяның көмегімен қалаға келеді. Олар шаһарда жол ережесін білмей біраз қиындықтарға тап болады (Қуыршақ театрты, Республика даңғылы 3)

АЛМАТЫ

10.00 – Казақстандағы және Орта Азиядағы «Касперский Лабораториясына 15 жыл» тақырыбында брифинг өтеді. Шараға компанияның негізін қалаушы Евгений Касперский, Ресейдегі және ТМД елдеріндегі басқарушы директор Сергей Земков, Қазақстан, Орта Азия және Монғолиядағы басқарушы директор Евгений Питолин қатысады (Rixos Almaty қонақ үйі, Сәкен Сейфуллин даңғылы, 506/99, байланыс телефоны: +7 705 271 94 92).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz