21 қаңтарға ауа райы болжамы

0
Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

153 0 0

Дүйсенбі бірнеше облыста қолайсыз ауа райы болады

АСТАНА, 20 қаңтар — Sputnik. Астана қаласы мен төрт облыста ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды

21 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде тұман, күндіз кей жерлерде бұрқасын соғады. Кей жерлерде оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші 15-20,  екпіні секундына 25 метрге жетеді. 

Өскемен қаласында ертең күндіз бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Семейде күндіз бұрқасын, оңтүстік-батыстан cоғатын желдің күші секундына 15-20 метр болады. 

Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ, батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақмола облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с-ке дейін жетеді. 

Астанада 20 қаңтарда тұман, көктайғақ болады. Бірақ күн жылы, ауа температурасы күндіз нөл градусты көрсетеді, қар жауады. Түнде температура — 3 градусқа дейін төмендейді. 

Алматыда ертең күн бұлтты, күндіз ауа температурасы + 2 градус, түнде — 1 градус болады. 

Шымкентте де күн бұлтты, күндіз ауа температурасы + 2 градус, түнде — 3 градусқа төмендейді. 


Дереккөз: https://sputniknews.kz/