21 мың теңге жәрдемақыны мал асырап, жеке шаруашылықпен табыс табатындар ала ма? — Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]
Үкіметтің мүшелері Президенттің тапсырмасын пысқырмай ма? Жаңа заң жобаларын халыққа түсіндіруге неге құлқы жоқ?. Бүгін Мәжіліске келген Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов тап осылай істеді. Көптеген сұраққа жүрдім-бардым, шала-шарпы жауап беріп, сытылып кетпек болды.
Ал депутаттар маңызды құжатты талқылады. 1 сәуірден бастап берілетін 21 мың теңге жәрдемақы бір баласы бар мұқтаж отбасыларына да төленеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Әр балаға төленетін 21 мың теңге жәрдемақы тек көпбалалыларға ғана емес, бір баласы бар мұқтаж жанұяларға да беріледі. 1 сәуірден бастап. Сәуір мен желтоқсан аралығында, яғни биылғы тоғыз айға осы жәрдемақыны беру үшін 94 млрд теңге қарастырылып отыр.
«Негізі жоспар бойынша 2019 жылы 832 мың азаматқа қарастырылып отыр төлемдер. Балаларға 20789 теңгеден төмен төленбейді. Атап өту керек, көпбалалы отбасы болсын, бір балалы отбасы болсын, егер мұқтаж болса сол жанұяларға төленеді», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің орынбасары Светлана Жақыпова.
Алашты алаңдатқан сұраққа Жақыпованың жауабы осы. Бірақ, тағы бір мәселе бар. Табысын көрсетпейтін таксистер, малы бар, өзін-өзі жұмыспен қамтып, ел қатарлы күнін көріп отырған көпбалалы отбасылар әлеуметтік көмекке иек артпай ма? Ресми емес, бірақ үйге келетін кіріс бар оларда. Бұл сұрақ министрліктегілердің де басын қатыруда.
«Сол сұрақты көтеріп отырмыз басқа әріптестеріміздің алдында. Көп жағдайлар бар. Конвертпен алатындар бар. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарда бар. Басқа мемлекеттік органдарда қосылып сол сұрақтарды шешеді», — деді Жақыпова.
Мәжілісте қаралған құжаттың бірі осы. Президенттің «Нұр Отанның» сиезінде айтқан тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қордан бөлінетін 250 млрд теңгеге байланысты кейбір заңдарға өзгеріс енгізу жайын қарастырды. Жалпы, Үкіметте, Парламентте маңызды заң жобалары талқыланады. Өкінішке орай, халыққа дұрыс түсіндірілмейді. Президентте ескі Үкіметке осындай ескертулер айтып еді. Бірақ, жаңа министрлер кабинетінің мүшелері сол ескі сүрлеумен жүр. Мәжілісте қаралған мәселені түсіндірудің орнына аптығып қашып, ентігіп жүре бара жауап берді Ұлттық экономика министрі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
stan.kz