21, 22, 23 шілдеде қандай шаралар болады: Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола облысы

0
110

Sputnik Қазақстан 21 шілдеде өтетін шаралар тізімін ұсынады. Сондай-ақ 22 шілдеге не жоспарланғанын біле аласыз

21 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

16.00 — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры Күлшат Медеуова дәріс оқиды. Тақырыбы – Мартин Хайдеггердің философиясы. Шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу көрмесі аясында ұйымдастырылады. (Василий Кубриннің үйі, Кенесары көшесі, 41)

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

09.30 – Қазақстанда көшпенділердің жауынгерлік өнеріне арналған алғашқы фестивальдің ашылуы. Фестиваль 21-27 шілде аралығында «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өтеді. Шараға Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсетеді (Nomad этноорталығы, Үшқоңыр тау бөктері. Аккредитация +7 777 781 55 99 телефоны арқылы жасалады).

22 шілдеге жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

08.00 – жедел медициналық жәрдем мен стационар бригадаларының IV Республикалық сайыстары өтеді. Шараға денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Италия мен Германияның сарапшылары, медициналық жоғары оқу орындары мен ұйымдардың өкілдері қатысады («Балқарағай» демалыс орны, Аккредитация +7 (7172) 70 17 03 телефоны мен [email protected] электронды пошта арқылы жасалады).

11.00 — «Мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты. Шараға ұлттық экономика вице-министрі Мәди Такиев пен «МЖӘ қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айдос Көбетов қатысады (Үкімет үйі, Мәңгілік ел даңғылы, 6. Аккредитацияны +7 (7172) 74 58 64 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасауға болады).

12.20 – Қазақстандағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндамаға арналған баспасөз мәслихаты. Спикерлер: Азаматтық альянстың вице-президенті Ғамал Түселбаев, азаматтық қоғам істері жөніндегі төрағаның орынбасары Гүлбара Сұлтанова (Орталық коммуникациялар қызметі, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 4. Аккредитация +7 (7172) 55 93 38 телефоны немесе [email protected] электронды поштасы арқылы жасалады).

АЛМАТЫ

11.00 – БАҚ пен медиа қызметкерлеріне арналған «Интернеттегі зияткерлік құқық: заңды бұзбау және құқық қорғау жолдары» атты семинар (Халықаралық бизнес университеті, Абай даңғылы, 8а. Аккредитацияны +7 701 783 57 25 телефоны немесе [email protected] поштасы арқылы жасауға болады).

Жоспарланып отырған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz