21, 22, 23 қаңтарда ауа райы қандай болады

0

Қазгидромет 21-23 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам жасады, республиканың басым аумағында екпінді жел соғып, бұрқасындатады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атлантикалық ауа массаларының әсерінен аномальды жоғары температура сақталады.

«Күндіз ауа температурасы барлық аймақта 0°C-тан -8°С дейін, қиыр оңтүстікте 0°C-тан +5°С-қа дейін болжанады», – делінген Қазгидромет хабарламасында.

Қазақстан арқылы үлкен жылдамдықпен ығысатын атмосфералық ағымдар екпінді жел мен бұрқасын, қар әкеледі. Оңтүстік облыстарда жабысқақ қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Бұрқасын мен тұманнан жолдардың көріну қашықтығы 50…500 метрге дейін нашарлайды.

Ірі мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан

  • 21 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -9°C, күндіз -7°C.
  • 22 қаңтарда күн бұлтты, қар жауады. Түнде -7°C, күндіз -5°C.
  • 23 қаңтарда күн бұлыңғыр, аздаған қар жауады. Түнде -5°C, күндіз -2°C.

Алматы

  • 21 қаңтарда күн ала бұлтты. Түнде -2°C, күндіз -4°C.
  • 22 қаңтарда күн бұлтты, аздаған қар жауады. Түнде -5°C, күндіз -4°C.
  • 23 қаңтарда күн ала бұлтты. Түнде -4°C, күндіз -1°C.

Шымкент

  • 21 қаңтарда күн бұлтты. Түнде -3°C, күндіз +1°C.
  • 22 қаңтарда күн бұлыңғыр. Түнде -4°C, күндіз +2°C.
  • 23 қаңтарда күн ашық. Түнде -3°C, күндіз +5°C.

Дабылды ескерту

Сондай-ақ, синоптиктер 21 қаңтарда үш облыста дабылды ескерту жариялады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасындатып, тұман түседі.

Петропавлда түнде қар жауады, бұрқасын соғады, тұман басады.

Тағы оқыңыз: Ресейлік нөмірмен жүрген көліктерге шектеу қойыла ма – министрлік түсініктемесі

Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ сақталады. Күндіз басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын және тұман күтіледі.

Қостанай қаласында да таңертең және күндіз қар жауады, көктайғақ болжанып отыр.

Қызылорда облысының кейбір аймағында тұман, көктайғақ сақталады.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз