Елордадағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шеккен

0
619

Елордадағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрттен 20 жастағы жиһаз цехының қызметкері зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, kznews.kz сайты хабардады. «Өрт сөндіру барысында «Универсал» жиһаз цехының 2001 жылы туған қызметкері зардап шеккен. Қазір ол қыз Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде», – деп жазылған ресми мәліметте.

Бұған дейін елордадағы «Астықжан» сау орталығының жиһаз салонынан өрт шыққанын хабарлаған едік.