«2025 жылы миллион оқушы мектепсіз қалуы мүмкін»

0
271

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 2025 жылға қарай миллионға жуық оқушы мектеп тапшылығына ұрынуы мүмкін.

«2025 жылға қарай бізде мектептерде миллионға жуық оқушы орны тапшылығы болады деп болжап отырмыз. Тапшылық болмауы үшін президент мыңдаған мектеп салуды тапсырды. Шамамен алғанда бір миллион орын. Өткен жылы 277 мектеп салынды. Еш уақытта бір жылда 277 мектеп салынған емес», – деді А.Аймағамбетов.


Жуырда Елордада Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт ашылды. Мешітке 30 мың адам сыяды. Мешіттің ашылуына экс-президент Н.Назарбаев, экс-премьер А.Мамин, бұрынғы әкімдер А.Баталов пен Б.Сапарбаев және басқа да «Ескі Қазақстанның» ескі кадрлары келіп, алшаң басып жүруі жұртты екұдай күйге түсірді.

Жаңа мешітке қатысты қоғамдық пікір екіге жарылды. «Мұндай мешіт бізге керек» дегендердің өз уәжі бар.  Дегенмен, «неге сол ақшаға мектептер мен зауыттар салмаймыз?» деп түсініспеушілік танытқандар да аз болмады.

Бір қызығы, «Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған» зәулім мешітке қанша қаражат жұмсалғаны ашық айтылмады. Тек құрылысқа жеке инвесторлардың қаржы салғаны ғана сөз болды.

Кейбір деректерге қарағанда, Орталық Азиядағы ең үлкен мешітті салуға 350 млн доллар шамасында қаржы жұмсалған…