2025 жылға қарай мәдениет қызметкерлерінің жалақысы екі есеге артуы тиіс — Премьер-Министр
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Абай облысында жұмыс сапары барысында облыстың зиялы қауым өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды Kznews.kz сайты Nege.kz порталына сілтеме жасап.
«Үкімет мәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауда. Өткен жылдан бастап республикада мәдениет қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру басталды. 2025 жылға қарай жалақы екі есеге артуы тиіс», — деді ол.
Фото: qazaqstan.tv