2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары шілдеге дейін әзірленеді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайға байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр – Sputnik. Премьер-министр ұлттық экономика министрлігіне Қазақстанның 2025 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму жоспарын 1 шілдеге дейін үкіметке енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі жағдайға байланысты 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары жаңа редакцияда әзірленеді», — деді Мамин үкімет отырысында. 

Айтуынша, ол институционалдық және құрылымдық реформаларды қамтитын, орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономика бағытының негізгі бағдарларын айқындайды. 

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру басты міндетке айналады. Мамин ұлттық экономика министрлігіне стратегиялық даму жоспарының жаңа редакция жобасын осы жылдың 1 шілдесіне дейін үкіметке енгізуді тапсырды.

Айта кетсек, үкімет бұған дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекіткен болатын.

Тағы оқыңыз: Елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады: оның артықшылықтары қандай?



sputniknews.kz