2024 жылы БҚО-дағы инвестициялар көлемі 437 млрд теңгені құрады — облыс әкімі

0

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйледі. Аймақ басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы айтып, келесі жылға арналған даму жоспарларын таныстырды, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд теңгені құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар үлесі 342 млрд теңгені құрады. Тартылған инвестициялардың арқасында өңірде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды, Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн теңгенің өнімі өндірілді.

«Мемлекет басшысы өңір экономикасына инвестиция тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Біздің облыста инвестициялар тарту және жаңа өндірістер құруға, импортты алмастыруға және экспорттық әлеуетті дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту қажет», — деді Нариман Төреғалиев.

БҚО әкімі сондай-ақ, қарашаның басында премьер-министрдің қатысуымен өткен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) аясында оңтүстік кореялық инвестормен 81 жаңа жұмыс орнын құрумен 120 млрд теңге сомаға меморандумға қол қойылғанын, алдағы 5 жылда 42 трлн теңге сомасына 2,4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл өңірде 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылатынын білдіреді.