2021 жылы бюджетте 42 500 теңге төлеу қарастырылмаған

0
460
Фото Tengrinews.kz/Алихан Сариев
Advertisement

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жалпы отырысында депутаттар «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарады. Сенаторлар биылғы жылдың басындағыдай жағдай қайталанса ел азаматтарына қандай қолдау көрсетілетіндігі, 42 500 теңге төлемі берілетін-берілмейтіндігі туралы өздерін мазалаған сұрақтарды ортаға салды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл мәселені депутат Алтынбек Нухұлы көтерді. Ол пандемия кезінде 4,6 миллион адамға мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 476 миллиард теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілгенін еске түсірді. Бұл ақша пандемия кезінде жұмысынан айырылғандарды қолдау үшін бөлінген. Сонымен қатар, қазіргі жағдайға алаңдамауға тағы болмайды.

«Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, елде ауру жұқтырған адамдардың тәуліктік саны күрт көбейіп, орта есеппен 600 адамды құраған. Бұл – алаңдатарлық жағдай. Егер 2021 жылы елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталмаса, жұмысын уақытша тоқтатқан және табысын жоғалтқан азаматтарды қолдау тетіктері қандай болады? Осы мақсаттар үшін заң жобасында қаражат қарастырылмаған», – деді ол.

Сенатор тиісті министрлік басшысына сұрақтар қойып, 42 500 теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем мөлшерін ескере отырып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының мүмкіндіктері қандай жағдайда екенін айтып беруін сұрады.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бұл ретте ақша қарастырылмаған, оның орнына Ұлттық Банкпен және Қаржылық бақылау агенттігімен бірлесіп, падемияның теріс салдардың алдын алу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспар құрылғанын айтты. Ол пандемияға байланысты ел Президенті «жағдайды ауыздықтау үшін қатаң шаралар қабылдауды» тапсырғанын атап өтті.

«Заңға сәйкес, мемлекеттік сақтандыру қорынан 5 әлеуметтік төлем тағайындалады. Пандемия кезінде қор әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты: ауруға шалдыққандарға 476 миллиард теңге қаралды, ал денсаулық сақтау қызметкерлеріне тағы 20,5 миллиард теңге төленді. Бұл шығындар қорға аударымдар түрінде түскен ақшадан 3 есе көп. Қазір 1,3 трлн теңгенің активтері бар, қаржылық жағдайды бағалау бойынша қордың жағдайы 2039 жылға дейін тұрақты болады, – дейді министр.

 

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз