2021 жылға астролог болжамы: Қазақстандықтар үй салып, кәсіп ашсын

0

Астролог Юлия Кацман 2021 жылы – Сиыр жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты.

Шығыс күнтізбесі бойынша Сиыр жылы 2021 жылғы 11 ақпанда туады.

Бұқа еңбек еткенді жақсы көреді және еңбекқор. Астрологтың айтуынша, оның еңбекқорлығы елеусіз қалмайды. Бұдан басқа жыл иесі шыдамды, адал және берген сөзіне тұратындығы тағы бар.

«Сиыр жылы үлкен байлық әкелмейді. Алайда жыл иесінің тұрақтылықты жақсы көретінін ескерсек, қаражатын біртіндеп жинап жүргендер  табысқа жетеді», — дейді Юлия Кацман.

Астрологтың айтуынша, бұқалар ұзақмерзімді жоспар құрғанды ұнатады, сондықтан 2021 жылы үйдің іргетасын қалап, отбасын құрып, кәсіп ашу керек.

Пандемияға келер болсақ, астрологтың болжауынша, бұл індет жақында жойылмайды.

«Пандемия тағы бір жыл болады, бұл Тышқан жылының әсері. Тышқан жылы – от жылы болғандықтан, әрдайым төңкеріс, эпидемия болмай тұрмайды.  2021 жылы бәрі металл ағынына қарай ауысады, сондықтан келе жатқан жыл тыныш болады», – дейді Юлия.