2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласын көгалдандыруға 20 млрд. теңге бөлінген

0
641

2020 жылы Елорда көшелерін көгалдандыруға ел бюджетінен 20 миллиард теңге қаржы бөлінген. Бұл туралы экс-депутат, қоғам белсендісі Мұрат Әбенов жазды.

Елорда бюджетінің аудиті 27,8 млрд. теңге сомасындағы мемлекет қаражаты мен активтерінің тиімсіз пайдаланылуын көрсетті. Жалпы, анықталған бұзушылықтардың сомасы 107,9 млрд теңгені құрады. Жалпы сомасы 575,3 млрд.теңгеге 68 нысан тексерілді.

«Аудиторлық тексерулердің шамамен 50%-ы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, негізсіз бюджеттік өтінімдер, мемлекеттік жоспарлау қағидаттарын бұзу болып табылады, сонымен бірге бюджеттік өтінімдерді әзірлеуге сапасыз тәсілді, дұрыс емес мәліметтер берілгенін атап өтуге керек», — деді тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп АҚПОМБАЕВ.