2020 жылы 43 мың қазақстандық Ресей азаматтығын алды

0

Ресей жаңа азаматтар саны бойынша 15 жылдық рекордын жаңартты, 2020 жылы 656000-нан астам шетелдік Ресей паспортын алған. Бұл туралы «Известия» басылымы жазды. 

Ресей паспортын алған шетелдіктердің көпшілігі украиндар болып шықты — 62,4 пайыз. Ресей паспорты Тәжікстанның 63 мың тұрғынына және 43 мың қазақстандыққа берілді.

Сонымен қатар, немістер, американдықтар, британдықтар, канадалықтар, жеті швейцариялық және бір жапондық Ресей азаматы болды, деп жазады газет.

Бұрын, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы Қазақстаннан 2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 21 069 адам тұрақты тұруға немесе студенттік виза алды деп мәлімдеген болатын.

Сонымен бірге, өткен жылдың үш тоқсанының қорытындылары бойынша Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің арасында халықтың көші-қонына қатысты ең ауыр жағдай Қазақстанда тіркелді .