2020 жылы 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қаншаға өсті

0
0

Қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі, ол үшін қандай да бір құжаттарды өткізудің қажеті жоқ.

Алматы қаласы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің бастығы Айдынжан Нарматов онлайн-брифинг барысында қайта индексациялау кезіндегі зейнетақы мен жәрдемақылардың жаңа мөлшері туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Басқарманың мәліметінше, Алматы қаласында ​​зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың жалпы саны (мүгедектігі бар баланы, асыраушысынан айрылу, көп балалы отбасылар, мүгедектер және басқалары үшін) – 589 177 адам, олардың 230 мыңы – зейнет жасына толғандар. Бүгінгі күні барлығының зейнетақысы мен жәрдемақысы жылдық есеппен 10% -ға көтеріледі.

Жасы бойынша және еңбек өтілі бойынша зейнетақы төлемдерінің 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін алған көлемі 5 процетке 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап артады. 1 сәуірден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің және басқа да мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің өсуіне және айлық есептік көрсеткіштің ұлғаюына байланысты өсті.Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5% -ға өсті. Қазір олар тағы 5% -ға артты, сонда ол 10% құрайды, – деді ол.

Қайта есептеу жүргізіледі, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушыларға МЗТО-ға барып, өтініш берудің қажеті жоқ.

Мамыр айында олар зейнетақы мен жәрдемақыларын көтерілген мөлшерде алады, сонымен бірге мамыр айында сәуір айындағы айырмасын да алады, бұл үшін басқа жерге жүгінудің қажеті жоқ, – деді ол.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылардың көлемін жылдық есеппен 10% индекстеу туралы тапсырмасы болғанын еске саламыз.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз