2020 жылға арналған жұлдыз жорамал

0

2020 жыл – ақ түсті тышқан жылы. Тышқан күштілер мен батылдарды құрметтейді, және сіз табандылық танытып, кері шегінбесеңіз, ол сізге лайықтысын береді. Алдағы жыл – жағымды өзгерістер мен жылдам шешімдердің уақыты. Егер жалқаулыққа жол бермей, өміріңізде болып жатқан дүниелер үшін жауапкершілікті қолға алсаңыз, тағдырдың сыйын күте беруіңізге болады.2020 жылға арналған жұлдыз жорамалды ұсынады.

Жыл санауы Тышқан белгісінен басталады.  Сондықтан бұл уақыт мақсатқа ұмтылған және өр мінезді адамдар үшін мінсіз болмақ. Егер осы кезеңде қызмет саласын өзгертіп: жаңа жұмыс іздеп, кәсіп бастап, инвестиция салуды қолға алсаңыз, жолыңыз болғыштық пен сәттілік діттеген мақсатыңызға өзі-ақ алып келеді.

Жұлдыздар аталған кезеңде міндетті түрде үлкен жылжымайтын мүлік сатып алуыңыз мүмкін немесе қомақты ақша жинауыңыз ықтимал демейді. Алайда келесі жылы табыс табу туралы үнемі ойлай бермейтініңізді, демалып, керемет ішік сатып ала алатыныңызды уәде етеді. Неліктен? Себебі Тышқан эмоционалды түрде жомарт адамдарды, яғни жан-дүниесі үшін ақшасын аямай, концерттер мен саяхаттарды құп көретін жандарды жақсы көреді. Сондықтан мұндай жандарға жинаған ақшасын еселеуге мүмкіндік береді. Сол себепті, егер сіз саяхаттауды  ұнатсаңыз, 2020 жылы жолыңыз болғаны.

Тоқтылар үшін 2020 жыл тыныш өтеді. Ешқашан асығыстық жасамаңыз және тәуекелге бел бумаңыз. Алайда шұғыл шешімді қажет ететін жағдайларда жылдам әрі қарқынды түрде әрекетке кірісіңіз – бұл сіздің қолыңыздан келеді.

Өміріңізде болып жатқан жағдайларды жеделдетуге тырыспаңыз. Сонымен қатар қиын сәттердің өзінде озбырлық пен ашуға бой алдырмағаныңыз жөн. Тік мінезділігіңізді шетке ысырып, кей жағдайларда икемділік, кейбірінде қулық танытуыңызға тура келеді.

Аталған жұлдыз белгісі үшін көктем мезгілі сәтті болмақ. Тоқтылардың бойында өмірді қайта бастауға деген құлшыныс пайда болып, қайтадан махаббатты сезініп, жаңа істі бастап, әлденені түбегейлі өзгерткісі келеді. Егер аталған бастамаларды орта жолда қалдырмаса, нәтижесінде жаңа деңгейге жетуге мүмкіндік алады. Көктем мезгілінің сәуір айы – ерекше маңызға ие. Көктемнің ортасында Тоқтылар діттеген мақсатына жете бастайды.

Жұлдыздар Тоқтыларға қомақты салымдар жасамауға және эмоцияның әсерімен ештеңе сатып алмауға кеңес береді.

Балықтар

 

Егер алдағы уақытта жүзеге асырамын деп жүрген арман-мақсаттарыңыз болса, оларды қолға алатын уақыт жетті. 2020 жылы әрбір әрекетіңіз өнімді болады және жолыңызда шығатын кедергілер тосқауыл бола алмайды.

Тышқан жылы Балықтарға өзін және айналасындағыларды өзгертудің мүмкіндігі туындайды. Алайда өзгерістерді асықпай жүзеге асырып, мақсатыңыз игі болуы тиіс. Алдағы жыл өміріңіздің барлық саласы – махаббат, шығармашылық, қаржы үшін сәтті болады.

2020 жылдың басы, яғни қаңтар мен наурыз айының соңы Балықтар үшін тұрақты болады. Жұлдыздар бұл уақытта жеке өміріңізге қатысты көптеген жағдай орын алатынын айтады. Сонымен қатар аталған уақыт қарым-қатынастарыңызды реттеуге қолайлы.

Сәуір айынан бастап Балықтардың өмірінде күтпеген өзгерістер орын алады. Мұндай жайттар маусым айына дейін жалғасады. Ұстамдылық танытып, жағдайларды асықтырмауға тырысыңыз – барлығы өздігінен реттеледі.

2020 жылдың маусым-қыркүйек айларында Балықтардың өмірі өзгере бастайды. Алайда оны өзіңіз де бірден байқамауыңыз мүмкін. Уайымдамаңыз, бұл уақытта өміріңізде болатын өзгерістердің барлығы – жағымды әрі қажетті.

2020 жылдың соңғы үш айы аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін қарқынды болып, көп күш-жігерді қажет етеді. Сонымен қатар бұл өзіңізді дамытуға қолайлы уақыт. Жеке өміріңізде басымдылық танытпауға тырысыңыз. Ал даулы жағдайлар туындаса, есікті тарс жауып, кетіп қалуға асықпаңыз. Жұлдыздар қайтып келер есікті қатты жаппауға кеңес береді.

Торпақ

материалға сілтемені көшіру

 

Жинақылық, жауапкершілік және естілік. 2020 жылы Торпақтар осы үш негізге сүйенуі керек. Алдағы жыл Торпақтар үшін жетістіктерге жететін сәтті уақыт болмақ. Сонымен қатар өміріңізде күтпеген келеңсіздіктер болмайды.

2020 жылдың басынан көктем айының ортасына дейінгі уақыт Торпақтар үшін ерекше сәтті кезең болады. Бұл кезеңде жақсы жұмыс табу және жаңа баспанаға көшу мүмкіндіктері пайда болады.

Ал мамыр, маусым айлары кәсіп бастау, маңызды келісімдер жасау немесе ауқымды іскерлік кездесулер өткізу үшін мінсіз. Егер отбасын құру немесе сәбилі болуды жоспарлап жүрген болсаңыз, оны қыркүйек айына қалдырғаныңыз жөн.

Аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне ақшаны ұқыптап ұстаған жөн. Себебі қалтаңызға оңай түскен ақшаны сол күйінде оңай желге ұшыруыңыз мүмкін. Алайда бұл сараңдыққа жол беріп, қатты үнемдеу керек дегенді аңғартпайды. Керісінше, ақшаны өз рахатыңыз үшін дұрыс жұмсауды үйреніңіз. Жалпы, Торпақтар үшін 2020 жыл жағымды өзгерістер мен жаңа бастамалардың уақыты.

Шаян

материалға сілтемені көшіру

 

Тышқан жылы – Шаяндар үшін жеке өмірін реттеуге таптырмас уақыт. Бұл жылы жаңа қарым-қатынас бастап қана қоймай, ескісін де реттей аласыз. 2020 жыл Шаяндар үшін жағымды жағдайлар мен өзгерістерге толы болып, аңсаған арманыңыз орындалып, діттеген мақсатыңызға міндетті түрде жетесіз.

Сонымен қатар алдағы жыл ойыңызға алған жоспарлады іске асыру үшін де қолайлы болады. Шаяндардың дені өмірін түбегейлі өзгерте алады және бұл өзгерістерден қорқудың қажеті жоқ.

Жылдың басы Шаяндар үшін сәтті болып, айтарлықтай қиындықтар болмайды.

2020 жылдың сәуірінің ортасынан маусым айына дейінгі кезеңде Шаяндарға ойға алған жоспарлары іске аспай, бір орында тұралап қалғандай көріне бастайды. Алайда бұл туралы көп ойлап, уайымдамаңыз. Себебі бәрі аз уақыт ішінде реттеледі. Сонымен қатар бұл кәсібіңізді дөңгелетіп, кез келген жобаны қолға алуға сәтті уақыт болмақ.

Шілде және тамыз айларында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне сәттілік серік болып, үнемі жолы болады. Бұл уақытта көп нәрсеге оңайлықпен қол жеткізе алады.

Ал қыс мезгілі жұмыс орнын, қарым-қатынасын өзгерту үшін қолайлы болады. Сонымен қатар алдағы жылы ағыспен жүзіп, сылбырлық танытпаңыз. Себебі 2020 жыл Шаяндар үшін шынымен де сәтті кезең. Сондықтан берілген мүмкіндікті жіберіп алмауға тырысыңыз.

Арыстан

материалға сілтемені көшіру

 

2020 жыл Арыстандар үшін екі кезеңге бөлінеді. Алғашқысында (қаңтар – маусымның соңы) ойланып, түрлі жоспар құрып, алғашқы қадам жасай бастасаңыз, екінші кезеңде (шілде – желтоқсан) жұмысыңыздың нәтижесін көре аласыз. Сонымен қатар бұл кезеңде таңдаған салаңыздың, қабылдаған шешімдеріңіздің дұрыс-бұрыстығын анықтай аласыз.

Айта кетерлігі, жыл бойы биікке жетуді де, төменге құлауды да бастан өткеруіңіз мүмкін. Алайда өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келсе, аталған жағдайлардан қашу мүмкін емес.

2020 жылдың көктемі мен жаз мезгілінің басында көптеген қызықты жайттар орын алады. Сонымен қатар күтпеген ұсыныстар жасалуы мүмкін.
Ал маусым айының соңында шығармашылық мүмкіндіктеріңізді көрсете аласыз. Бұл уақытта өзіңізге деген сенімділігіңіз артып, бойыңыз күш-қуатқа толып, жан-дүниеңізде тыныштық орнайды. Мұндай кезең қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

Ал күз мезгілінде Арыстандар алдына нақты мақсат қойып, бар назары соған ғана аууы мүмкін. Егер діттегеніне жете алса, жұмсаған күш-қуаты, уақыты мен қаржысы үшін өкінбейді. Ал егер мақсатына жете алмаса, ұзақ уақыт бойы жаны жай таппай, бойын ашу-ыза кернейтін болады.

Жыл соңында Арыстандарға қарқынын төмендетіп, ауыр міндеттерді алудан қашып, кез келген қиындықты бүкіл отбасымен кеңесіп шешкен жөн.

Бикеш

материалға сілтемені көшіру

 

Жұлдыздар 2020 жылы асығыстық жасамауға және әр істі бастар алдында әбден ойлануға кеңес береді. Егер Бикештер өзінің мүмкіндігі мен істің дамуын нақты бағалай алса, түрлі «сыйлықтар» күтеді.

Махаббат, сәттілік, ақша, атақ-даңқ – 2020 жылы сіз үшін мүмкін емес нәрсе жоқ! Алдағы жыл Бикештер үшін жағымды түрде басталады және күтпеген тосынсыйлар күтетін болады.

Сәуір мен маусым айларының аралығында Бикештердің өмірінде айтарлықтай өзгерістер орын ала бастайды. Бұл кезеңде өмірлік серігін іздегендер жанына жақын адамын тауып немесе ескі қарым-қатынасын қалпына келтіре алады. Ал қызмет саласына келсек, бұл уақытта басшылықтың жөнсіз шағымдарына мән бермеуге тырысып, діттеген мақсатыңызды және оған жетер жолда табандылық таныту керегін естен шығармағайсыз.

2020 жылдың маусым-қыркүйек айлары Бикештер үшін ең қызықты уақыт болмақ. Бұл уақытта уақытыңыздың басым бөлігін жеңе өміріңізге емес, қызметіңізге арнайсыз. Жұлдыздар қаржы мәселелеріне баса назар аударуға кеңес береді. Керісінше жағдайда, тамаша мүмкіндікті жіберіп алуыңыз мүмкін. Сонымен қатар бұл кезең қымбат заттарды сатып алуға да қолайлы.

2020 жылдың күз-қыс мезгілдері Бикештер үшін тыныш уақыт болмақ.
Жұлдыздар Тышқан жылы ешкімге, тіпті жақын туыстарыңызға да қарыз бермеуге кеңес береді. Себебі берген ақшаңыз қайтпауы мүмкін. Ал үйіңізде әлденені өзгерту (жөндеу жұмыстарын жүргізу, жаңа жиһаз сатып алу) өміріңізге көп ақша келуіне мүмкіндік береді.

Таразы

материалға сілтемені көшіру

 

2020 жыл – Таразылар үшін айтарлықтай өзгерістер орын алатын уақыт. Алдағы жылға арналған жұлдыз жорамал Таразылардың қаржы саласында үлкен жетістікке жетіп, кез келген жарыста жеңіске жететінін айтады. Сонымен қатар өмірлік серігін жолықтырмаған Таразылар 2020 жылы жанына жақын адамды таба алады. Ал кәсіп бастағысы келгендерге жағымды мүмкіндіктер беріледі.

2020 жылдың басы, яғни қаңтар-сәуір айларының аралығы Таразыларға тұрақсыз кезең болып көрінуі мүмкін. Алайда, шын мәнісінде, бұл сәтті әрі өнімді уақыт болады. Сондықтан кез келген жағдайда мәселеге жан-жақты қарауды естен шығармаңыз.

Ал сәуір айы Таразылар үшін жарқын әрі есте қаларлық уақыт болмақ. Алайда мұндай сәттердің өміріңіздің қай саласына қатысты екенін нақты айту мүмкін емес. Белгілісі, табысыңыздың негізін өзіңіз қалайсыз, ал егер талпынғыңыз келемесе, берілген мүмкіндікті жіберіп аласыз.

2020 жылдың жаз мезгілінің екінші жартысы мен күздің алғашқы айы – Таразылар үшін еңбегінің алғашқы жемісін көріп, жаңа белестерді бағындыра бастайтын уақыт. Бұл уақытта  денсаулығыңызға мән беруді ұмытпаңыз. Егер бойыңызда созылмалы аурулар болса, қыркүйек айында шипажайға барғаныңыз абзал. Сонымен қатар аталған уақыт шаңырақ көтеру, сәбилі болу, өзге қалаға көшу үшін қолайлы.

2020 жылдың күз және қыс мезгілдері –Таразылар үшін маңызды жетістіктерге жететін кезең. Мұның бәрі – бұған дейін қолға алған істерінің жемісі. Аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне қыркүйек және желтоқсан айларына айрықша мән берген жөн. Дәл осы айларда жыл соңындағы қаржы мәселелеріне қатысты шешім қабылдай аласыз. Сонымен қатар бұл уақыт инвестиция жасау, кәсіп бастау үшін сәтті болмақ. Алайда достарыңызбен бірге кәсіп бастамаңыз және іске қосылған әрі даму үстіндегі жобаларды қолға алмаңыз. Өз жолыңызды іздегеніңіз абзал.

Ал Таразылардың жеке өмірінде маңызды кездесулер орын алады. Отбасылы Таразылардың қызғанышқа бой алдырмағаны жөн. Керісінше жағдайда, шаңырағыңызды шайқалтып алуыңыз мүмкін.

Сарышаян

материалға сілтемені көшіру

 

Сарышаян мен Тышқанның одақтастығын қиындықсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан алдағы жылы асаулық пен жұғымсыздық танытсаңыз, алдыңыздан көптеген сынақ шығуы мүмкін. Алайда бұл сіздің күштілігіңіз бен төзімділігіңізді тексеруге жақсы мүмкіндік болады. Егер сынақтардан сүрінбей өтсеңіз, әрі қарай көп жетістікке жетіп, айыңыз оңынан туады.

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Сарышаяндарға қызметінде үлкен жетістіктерге жететінін және жеке өмірінде маңызды өзгерістер орын алатынын айтады. Сонымен қатар асығыстық танытпауға және өзгелердің сізді басқаруына жол бермеуге кеңес береді. Егер әлдекімнің өзіңізге қысым жасай бастағанын сезсеңіз, бірден бұл әрекетінің тамырына балта шабуға тырысыңыз.

2020 жылдың басы, яғни қаңтардан сәуірдің алғашқы күндеріне дейінгі аралық Сарышаяндарға әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл ретте бірнеше жайтты ескерген жөн. Біріншіден, бірден көп нәрсеге қол жеткізуге тырыспаңыз. Екіншіден, айналаңызда болып жатқан дүниелердің барлығын біліп отыруға тырысыңыз. Себебі ақпаратқа ие адамның жетістікке жететіні сөзсіз.

2020 жылдың сәуір-маусым айлары Сарышаяндар үшін қызықты болмақ. Алайда бұл уақытта тәніңіз мен жаныңыздың ахуалы маңызды рөл атқаратын болады. Егер бойыңызда созылмалы ауруыңыз болса және емдеуді қажетсінсе, сәуір айында, ең болмағанда, мамыр айының алғашқы жартысында ем алғаныңыз абзал. Бұл уақытта жасалған емнің әсері жоғары болады.

Ал шілде-қыркүйек айлары Сарыяшандардың өміріндегі қарқынды уақыт болады. Себебі бұл кезеңде өміріңіздің барлық саласы жіті назар аударуыңызды қажет етеді. Аталған кезеңде керемет жоспарларды жүзеге асыруға тырыспаңыз. Бұл кезеңде бойыңыздан табылуы тиіс негізгі қасиеттер – шынайылық. Қызметіңізде тәуекелге бел бумаңыз және көтере алмайтын жүкті мойныңызға алмаңыз. Тек табанды еңбек және әбден сараланған жоспар арқылы табысқа қол жеткізе аласыз.

 Мерген

материалға сілтемені көшіру

 

2020 жылы Мергендер үнемі қиын жағдайлардан шығудың жолын іздейтін болады. Сонымен қатар алдағы жылы көп нәрсеге қол жеткізе аласыз. Тышқан жылы кез келген жағдайда өз пікіріңізде қалып, өз жолыңыздан айнымаңыз.

2020 жылдың басы, яғни қаңтар-наурыз айлары Мергендер үшін тыныш уақыт болады. Десе де өмірлік серігін іздеп жүргендерде болашағын өзгерту мүмкіндігі туындайды. Бұл кезеңде, әсіресе, қаңтар айының маңызы жоғары. Дәл осы айда жеке өміріңізге қатты әсер ететін жайттар орын алуы мүмкін. Сондықтан мұқият болыңыз.

2020 жылдың сәуір-маусым айларында Мергендерді өмірінің бірқатар саласында, әсіресе, қаржы саласында сәттілік күтеді. Бұл уақытта үлкен табыс келеді деп күтудің қажеті жоқ. Алайда кейде берілген мүмкіндіктің өзі жоспарды жүзеге асырудан анағұрлым маңызды болып жатады. Алдыңызға нақты жоспарлар қойып, тынбай еңбектеніңіз. Көктем және жаз мезігілінің басы жаңа қызметке қол жеткізуге қолайлы. Сонымен қатар өзіңізді кәсіби тұрғыда дамыту үшін де жайлы болмақ.

Маусым айының соңы мен қыркүйек аралығында Мергендерге өзінің және жақындарының денсаулығына мән берген жөн. Бұл кезең – демалып, ем алуға таптырмас уақыт. Сондықтан кезекті еңбек демалысыңызды осы уақытқа жоспарласаңыз, өкінбейсіз. Ал жаздың екінші жартысы шығармашылық үшін қолайлы болады. Аталған кезеңде Мергендердің кейбірі өзімен-өзі қалғысы келеді. Сондықтан жаныңыз тыныштықты қаласа, табиғат аясында демалғаныңыз жөн.

Қыркүйек айы өміріңіздің барлық саласы үшін маңызды. Сондықтан өміріңіздегі ең маңызды деген жайттарды осы уақытқа жоспарлауға тырысыңыз.

Күз мезгілінің соңы мен қыстың басы Мергендерге тыныштық сыйлайды. Бұл аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін жыл ішіндегі ең тұрақты уақыт болмақ. Сол себепті жұлдыздар өмірден барынша ләззат алуға кеңес береді.

Тауешкі

материалға сілтемені көшіру

 

2020 жылға арналған жұлдыз жорамал Тауешкілердің басына бақ қонып, көп жақсылықтар болатынын уәде етеді. Алайда ол үшін тынбай еңбектену қажет. Көктем және күз мезгілдерінде Тауешкілердің өмірінде жарқын әрі күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін.

2020 жылдың басы мен наурыз айының соңына дейінгі аралықта аталған жұлдыз белгілеріне көптеген қызықты ұсыныс түседі. Мысалы, біліктілігін арттыру курстары немесе ұзақ уақыттық іссапар. Мұндай ұсыныстар түссе, ойланбастан келісіңіз. Алдағы жыл саяхаттар мен іскерлік сапарлап үшін сәтті болмақ. Сонымен қатар сіз табысқа жетіп қана қоймай, керемет әсер аласыз. Ал өмірлік серігін жолықтырмаған Тауешкілерді жаңа таныстықтар күтеді. Алайда бірден жүрегіңізге жол ашып, отбасын құруға асықпаңыз. Жұлдыздар сатқындыққа ұшырап, алдануыңыз мүмкін екенін ескертеді.

Сәуір-маусым айларында Тауешкілердің өмірінде болатын күтпеген жағдайлар мен өзгерістер артады. Алайда өміріңізді түбегейлі өзгерткіңіз келе ме, жоқ па, оны өзіңіз шешесіз. Ал аталған кезеңде ақшаға абай болып, ұқыптап ұстауға тырысыңыз.

Шілде айының соңы мен қыркүйектің соңы Тауешкілер үшін тыныш уақыт болмақ. Бұған дейін жасағандарыңыздың бәрі өз жемісін беріп, жаңа жобаларды жүзеге асыруға кірісе аласыз. Алайда асығыстық танытпаңыз – бәрі өз уақытында болады.

2020 жылдың қыркүйек айының соңы мен желтоқсан аралығында аталған жұлдыз белгісі өкілдеріне көп күш-жігерін жұмсауға тура келеді. Себебі қызметіңізде тапсырмалар артып, жеке өміріңіз де жандана түседі.

 Суқұйғыш

материалға сілтемені көшіру

 

Тышқан жылы Суқұйғыштардың тыныштық туралы ұмытуына болады. Алдағы жылы аталған жұлдыз белгісі өкілдерін көптеген кедергі күтеді. Алайда олар төзімділігіңіз мен күштілігіңізді тексеруге мүмкіндік береді. 2020 жылы әріптестеріңізбен жанжалдасып, қаржылық қиындықтарға душар болуыңыз мүмкін. Алайда уайымдамаңыз! Бұл қиындықтардан шыға аласыз. Ал жылдың екінші жартысында табысқа қол жеткізе аласыз.

Табысқа жету үшін ең қажеті – өз бағытыңыздан танбау. 2020 жылы бұл Суқұйғыштар үшін маңызды болмақ.

2020 жылдың басынан сәуірдің алғашқы күндеріне дейінгі аралықта Суқұйғыштардың өмірінде өзгерістер орын ала бастайды. Бұл кезеңде көп нәрсенің өзгеретініне алдын ала дайын болыңыз. Алайда күтпеген әрі жағымсыз өзгерістер күтілмейді әрі барлығы ақырындап, өз ретімен болады.
Алдағы жылдың шілде-қыркүйек айларында Суқұйғыштардың өмірінде айтарлықтай өзгерістер көрініс табады. Отбасын құруды армандап жүрген Суқұйғыштар осы уақытта екінші жартысын жолықтыруы мүмкін. Ал аталған жұлдыз белгісінің отбасылы өкілдері сәбилі болуы мүмкін. Сонымен қатар Суқұйғыштарды маңызды таныстықтар күтеді. Олардың алдағы уақытта пайдалы болатынына күмәніңіз болмасын.

2020 жылдың соңғы айлары аталған жұлдыз белгісі өкілдері үшін өнімді болады. Сондықтан бар күш-жігеріңізді жиып, тынбай еңбектенуге тырысыңыз және бұл уақытта демалуды жоспарламаңыз.

stan.kz