2020 жыл: наурыз айына болжам, жұлдыз-жорамал

0
63

НҰР-СҰЛТАН, 1 наурыз – Sputnik. Қазақстандық астролог Ирина Абдраимова наурыз айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құпия істер уақыты

Астрологтың болжамынша, наурыз айының басы – жалтақтық, сақтық және құпия істер уақыты. Бұл айда саяси авантюралар, әжептәуір эмоциналды құпия махаббат болуы мүмкін.

«2 мен 3 наурызда көп адам жабырқап, көңіл-күйі түседі. Сүйіктісінің немесе жақын адамының қамқорлығына мұқтаж болады, өкпе-назы артып, ешкімнің көзіне түспей, тек телефон немесе интернет арқылы сөйлесуді қалайды. Ал 5 мен 8 наурыз аралығында белсенділік танытқысы келсе де, оңаша отырып қиялдап, арманға берілуі мүмкін»,- дейді Абдраимова.

Сонымен қатар, бұл кезең шығармашылық бастамалар мен сүйікті іспен айналысу үшін таптырмас уақыт.

Маман 7, 8, 9 наурыз күндері арам ойлардан, ақшамен байланысты күмәнді мәмілелерден аулақ болуға кеңес берді. Бұдан бөлек, қарызға ақша беруге, кредит алуға да сәтсіз кезең. Алайда, егер қаржылай істерге саналы түрде келсе, онда күтпеген кіріс немесе жалақыға үстемақы алып қалуы әбден мүмкін.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда бірінші наурыздан бастап не өзгереді

«Әйелдер мерекесіне қарамастан, қосымша ақша мен табыс әйел арқылы келуі мүмкін. Мәселен, бастығыңыз әйел болса, жоспардан тыс сыйақы таратуы мүмкін. Бұл күндері өз қолыңызбен жасаған дүние үшін де жақсы гонорар күтіңіз. Сондай-ақ, сыйлықтар, күтпеген кездесулер күтіп тұр. Тіпті бір көргеннен ғашық болып қалуыңыз да ықтимал»,- деп болжады ол.

Басшылықпен сөзге келіп қалуы мүмкін

Абдраимованың айтуынша, наурыз айдың 7-9 аралығында туған Балықтар, Шаяндар, Сарышаяндар, Тауешкілер мен Торпақтар үшін, сонымен бірге 23, 25, 25 күндері туған Торпақ, Балықтар, Шаяндар мен Бикештер үшін сәтті кезең.

11 мен 15 наурыз аралығында көп адам оптимизмге толы, сол себепті ойда жүрген бастамаларды іске асыруға білек сыбана кіріскен жөн. Әсіресе, жер және су белгілерінің мүмкіндіктері мен күш-қуаты мол болады.

«16 наурыздан бастап Меркурий Балықтар белгісіне ауысады – сіз әдеттегіден көп ойға шомып, өткенді еске аласыз. Қиялыңыз жүйрік болады. Наурыз айының соңына дейін сезімталсыз, көңілшексіз, айналадағы адамдардың ойы мен сізге деген қарым-қатынасы қандай екенін бірден сезіп қоясыз, ақылыңыз сезімге бағынады, ал ойыңыз шым-шытырық», – деп ескертті астролог.

20 наурызда астана уақытымен 09:49-да Күн Тоқты жұлдызнама белгісіне кіреді, яғни жаңа астрологиялық жыл басталады. Бұл Күннің оңтүстік жартышардан солтүстікке ауысуы – көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесі. Жер-Ананың туған күні.

«22 наурыздан бастап Жер-Анаға әсер ететін энергия белсенді, тіпті агрессивті бола түседі. Өзіңізден немесе айналадағы адамдардан шектен тыс ашуланшақтықты, қызбалық пен қыңырлықты байқайсыз. Қуаныш болсын, қайғы болсын, бәрін әсірелеп көрсетеді», – дейді маман.

Тағы оқыңыз: 2020 жылға жұлдыз жорамал: тышқан жылы кімдер үшін сәтті болады?

Абдраимованың айтуынша, бұдан бөлек, адамдардан аңғалдық, тәуекелге бейімдік, есерсоқтық байқалады. Кей адамдардың өзіне сеніп, бостандыққа, еркіндікке ұмтылуы жанжалға әкеп соғуы мүмкін. Қорқыныш сезімі  жоғалады, ащы да болса, шындықты айту қажеттілігі туады.

«Осының салдарынан басшылықпен сөзге келіп қалуыңыз ғажап емес», – деді астролог.

«Халық көп жерге бармаңыз»

«24 мен 27 наурыз аралығы – өте сәтсіз күндер, апат, толқулар мен адам өлімі болуы мүмкін. Халық көп жүретін жерге бармауға тырысыңыз», – деп кеңес берді ол.

Маманның болжамынша, жалпы, наурыз айының үшінші онкүндігі өте күрделі және шиеленіске толы уақыт. Бір күрделі кезең аяқталысымен, Плутон – Юпитер әрекет ете бастайды. Яғни, билеп-төстеушілік, озбырлық, өзін-өзі таныту, соқыр тәуекелге бару, заңсыз әрекеттерге бейім болу, атақ-абыройды жоғалту қаупі, билік пен танымалдылыққа күрес.

«Адам өзінің сұраныстарын қанағаттандыра алмай, жиі көңілі қалады. Бірақ, махаббат пен жеке қарым-қатынаста, шығармашылықта сәттілік серігіңіз болады. Қала сыртына шығып, табиғат аясында ұзағырақ демалуға тырысыңыз», – деді Абдраимова.

Наурыз айының сәтті күндері – 4, 8,11, 14, 19, 27.

Сәтсіз күндері – 3, 10, 22, 24, 28.



sputniknews.kz