2019 жылы жәрдемақы мен зейнетақы қаншаға көбейеді?

0
153

2019 жылы І топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жәрдемақысы биылғыдан 2700 теңгеге көбейсе, бала туғанда берілетін бір реттік төлем 4,5 мың теңгеге өспек. Төртінші баланы босанған аналарға біржолғы жәрдемақы 7560 теңгеге артады.  

«Азаматтарға арналған үкімет» АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің филиал басшысы Райхан Жолдықұлованың айтуынша, 2018 жылы бір реттік берілетін жәрдемақының көлемі 91 390 теңге болған. 1 қаңтардан бастап 95 950 теңге болады.

Төртінші баланы босанған аналарға берілетін бір реттік жәрдемақы –  159 075 теңге.

І топтағы мүгедектердің жәрдемақысы – 57 021 теңге.

ІІ топтағы мүгедектердің жәрдемақысы – 45 438 теңге.

ІІІ топтағы мүгедектердің жәрдемақысы – 30 886 теңге.

Сонымен қатар асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы көлемі де көбейеді. Мәселен, әкесі немесе шешесінен айырылған толық емес отбасылар бір бала үшін 25 541 теңге немесе қазіргімен салыстырғанда 1200 теңгеге көп көмек алады. Ал бала кезінен І топ мүгедегін тәрбиелеп немесе күтім жасап отырған отбасылардың жәрдемақысы 1484 теңгеге өседі.

І топ мүгедек баланың күтіміне және оның асырауына байланысты 2018 жылда жәрдемақы мөлшері 29 698 теңге болса,  2019 жылдан бастап 31 183 теңге алады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің қызметкері Жанна Меңілбекова.

Келер жылы әйелдер зейнетке биылғыдай 58 жас 6 айда емес, 59 жастан шығады.

Сондай-ақ айыппұлдар мен түрлі салықтарға тікелей қатысты айлық есептік көрсеткіш келесі жылға 2 525 теңге көлемінде бекітілді.

«Айқын» ақпарат

Дереккөз: Айқын