2019 жылы Түркияға саяхаттау құны қымбаттайды — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Қазақстандықтар Түркияға саяхаттағаны үшін көбірек ақша төлейтін болады. Түркиялық мейманхана иелері ендігі америкалық доллардан бас тартып, бағаны еуро бойынша қояды. Десе де ондағылар бәрін бүге-шігесіне дейін есептеп қоймаған. Тек валюта атауын ғана өзгертіпті. Ал сома көлемі өзгеріссіз қалған, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

2019 жылы Түркияға саяхаттау құны қымбаттайды

«Мейманханалардың дені доллармен тұрған бағаны еуромен жариялады. Яғни ауроға ауыстырған жоқ, тек жариялады. Бұрын 200 доллар болса, ендігі 200 еуро болады. Осылайша, құнын 10-20 пайызға ұлғайтты. Бүгінде олар өздерінің сұранысқа ие екеніне сенімді. Саяси жағдай өте жақсы», — дейді «Туристік қамқор» корпоративтік қорының төрайымы Инна Рей.

Мамандар бір маусым бұрын ғана Түркияның үлкен жеңілдіктер жасағанын айтады. Сол кезде саяси ахуал салдарынан Ресейден келетін туристер саны азайған еді. Ендігі жағдай тұрақталғанда, олар жоғалтқан қаржыны қайтаруды ойлап отыр. Бүгінде 3 адамнан тұратын отбасы Түркияға саяхаттауы үшін шамамен жарты миллион теңге жұмсауы керек. Осыған байланысты қазақстандықтар өзге де туристік аймақтарға назар аудара бастаған. Мысыр мен Таиланд Түркиямен бәсеке тудыруда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz