2019 жылы шығатын үздік кинотуындылар

0

Тақтар ойыны

«Тақтар ойынының» сегізінші маусымы HBO телеарнасында 14 сәуірден бастап эфирге шығады. Шығармашылық топтың айтуынша, сериалдың бұл маусымы алдыңғы кезеңдерге мүлдем ұқсамайды. Әлемді тамсандырған туындының кезекті бөлімі үшін едәуір қаржы бөлінген. Мәліметтерге сүйенсек, жобаның жалпы құны 90 миллион долларды құрайды. Әлемдік сериалдар қатарында көш бастап тұрған «Тақтар ойыны» сериалы 2011 жылдан бері жазушы Джордж Мартиннің романы желісімен түсіріліп келеді. Туындының соңғы маусымы Джордж Мартиннің әлі толық жазылып бітпеген «Мұз бен от жыры» атты шығармасының желісімен түсірілген. Аталған кітап кинотуынды эфирге жол тартқаннан кейін, жарыққа шығады. Бұл жоба 38 рет «Эмми» жүлдесін алған.

 

Кек алушылар 4: Финал

Режиссер Энтони мен Джо Руссоның бұл фильмі Marvel кинематографиясының 22-ші туындысы. Бірнеше жылғы еңбекті талап еткен фильм осыдан 5 жыл бұрын «Кек алушылар: Шексіздік айқасы II» деген атаумен жарияланған болатын. Ағайынды Руссо 2015 жылы фильмнің режиссері ретінде фильм түсіру жұмыстарына кірісті. Аталған жылдың мамыр айында Маркус пен Макфили кинотуындының сценариін жаза бастады. 2016 жылдың шілде айында Marvel компаниясы фильмнің атын «атаусыз» деп өзгертті. Түсірілім жұмыстары 2017 жылдың тамыз айынан 2018 жылдың қаңтарына дейін Атлантадағы Pinewood студиясында өтті. Фильмнің нақты атауы 2018 жылдың желтоқсан айында белгілі болды. Туындының бұл көрсетілімінде Танос шексіздік тастарының барлығына ие болады. Галактика сақшылары мен кек алушылардың аман қалған тобы Таноспен соңғы шайқас үшін күш біріктіру мақсатында капитан Марвелге қосылады. Осылайша соңғы шайқаста нағыз мықты анықталады. Фильмнің тұсаукесері 4 сәуірде өтеді.

 

Терминатор 3:  Көліктер көтерілісі

1984 және 1991 жылдары шыққан «Терминатор» және «Терминатор 2: Қиямет күні» картиналары кинофантастиканың классикасына айналды. Фильмнің барлық компьютерлік арнайы эффекттілерін Industrial Light&Magic компаниялары жасап шыққан. Фильмдегі жарылыс сахналары павильон ішіндегі шағын декорацияларда түсірілген. (сол макеттердің суретін берсек болады) Өлшемі 9х12 болатын үлкен кеңістікке 1:87 масштабта қираған қаланың макеті салынған. Сондай-ақ ядролық жарылыстың салдарынан шаң және күйемен жабылған тұрғын үйлер мен индустриалды аудандар салынады. Пиротехникалық элементтер компьютердің көмегімен жасалынған. Фильм желісі 10 жылдан кейінгі өмірді бейнелейді. «Кибердайн Системс» компаниясының ғимараты жарылғаннан  кейін өмір түгелдей өзгереді. Қиямет күні әлі жақын болмаса да, Джон Конор бір қауіпті сезіп, әр күнін уайыммен өткізеді. Фильм 10 қазанда көрерменге жол тартады.

 

Бір күні Голливудта

Квентин Тарантино араға 10 жыл уақыт салып жаңа «Бір күні Голливудта» деп  аталатын туындысының түсірілімін бастағаны туралы барша БАҚ жарыса жазған еді. Кейін сол картинаға Леонардо Ди Каприоның шақырылғаны да белгілі болған. Түсірілім алаңында Аль Пачиноның да бар екені анықталды. Кинодағы постмодернизмнің көрнекті өкілдерінің бірі Тарантиноның көпшілік асыға күткен фильміне Paramount, Sony және Warner Bros сынды алпауыт киностудиялар таласқан еді. Кино желісі есімі әлемге танымал маньяк Чарльз Мэнсонның 1969 жылы елді дүрліктірген қылмысы негізінде жазылған. Біз айтып отырған Мэнсон — америкалық кісі өлтіруші, музыкант, «Отбасы» қылмыстық коммунасының басшысы. 1969 жылы олар әйгілі режиссер Роман Поланскидің аяғы ауыр жұбайы, танымал актриса Шэрон Тейтті ішіндегі 8 айлық баласымен қоса қинап өлтірген. Бізге мәлім ақпараттар бойынша, Тарантино сценарийді түсірілім басталардан 5 ай бұрын жазып бітірген. Оған қажет 100$ миллион қаржыны жоғарыда аталған киностудияның бірі берген. Фильмнің әлемдік тұсаукесері 26 шілдеде өтеді.

 

Джокер 

Фильм Готэм Ситидағы ең қауіпті, жансыз қылмыскер Джокердің тарихын баяндайды. Туындыдағы жағымсыз кейіпкер Бэтменнің басты жауы болады. Фильмнің режиссері Тод Филлипс алғашында басты рөлді Леонардо Ди Каприоға ұсынды. Алайда ол бұл уақытта Квентин Тарантиноның «Бір күні Голливудта» фильміне түсіп жатқандықтан, бұл рөл Хоакин Феникске бұйырды. Басты рөлге, сондай-ақ, Брэдли Купер, Джейк Джилленхол, Адам Драйвер, Джеймс Франко, Пол Дано, Иван Реон және Билл Скарсгард секілді актерлер қарастырылған. Бұл кинотуынды 3 қазанда әлемдік прокатқа шығады.

Алита: Жауынгер періште

Фильм жаһандық соғыстан кейінгі әлемді бейнелейді. Бұл уақытта әлем таңдаулылар тұратын көктегі қала және төменгі қоқыс тастайтын қала деп екіге бөлінеді. Фильм желісі бойынша доктор Идо тастанды заттардың арасынан қыздың сүйегін тауып алады. Кейінірек ол сүйектерді құрастырып, оған Алита деген есім береді. Алита жауынгерлік киборг ұрысының тәсілдерін жақсы білетін болып шығады. Алайда ол өзінің өткен өмірін еске түсіре алмайды. Алитаға өзінің кім екенін және өмірлік мақсаты қандай екенін анықтау қажет. Фильм барысында ол танымал жапондық манга екені анықталады. Көрермен бұл фильмді 5 ақпанда көре алады. 

 

Джон Уик 3

Джон Уик есімді жалдамалы адам өлтіруші кинотуындысының жалғасы 5 мамырда әлемдік прокатқа шығады. Фильм желісі бойынша ол қонақүйде адам өлтіргені үшін айыпты деп танылып, іздеуде жүреді. Режиссёр Чад Стахелски фильмнің үшінші бөлімі алғашқы екі нұсқасына мүлдем ұқсамайтынын айтады. Оның айтуынша, үшінші бөлімде қылмыскердің өмірі барынша шытырман оқиғаға толы.

 

Өрмекші адам: Үйден шалғай кеткенде

Америкалық режиссер Джон Уотсонның бұл көркем фильмі – Marvel кинематографиясының 27-ші туындысы. Басты рөлдегі Питер Паркер бұл жолы достарымен жазғы демалысқа Еуропаға аттанады. Алайда Питерге бүкіл континентке табиғи апат әкелетін зұлымдармен күресуге тура келеді. Джон Уотсонның кезекті туындысын көрермен 4 шілдеде әлемнің барлық кинотеатрларынан көре алады.

 

Хеллбой

12 сәуірде кинопрокатқа шығатын Нил Маршалдың фэнтези жанрындағы фильмі Эндрю Косби, Кристофер Голден, Арон Колейт, Майк Миньолдың сценариі желісімен жазылған. Фильмде Хеллбой ортағасырлық мыстан кемпір Нимуэ королевасын жеңу үшін Англияға аттанады. Алайда олардың айқасы әлемнің құлдырауына әкелуі мүмкін.

 

Дереккөз: http://egemen.kz/