2019 жылы «Самұрық-Қазынаның» ірі компаниялары сатуға шығарылады

0
11 Желтоқсан 2018, 16:08 449 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылы сатуға шығарылатын объектілер туралы айтты.

«2019-2020 жылдарға жоспарланған 23 объекті бар. Соның ішінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 7 ірі компаниясын IPO-ға шығару арқылы сату жоспарланған. Бұл ретте, 14 қарашада «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының акцияларының 25 пайызының 15 пайызын «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасында және Лондон қор биржасында сату бойынша сауда-саттық өтті. Нәтижесінде мәміле сомасы 451 млн АҚШ долларын құрады. Сатуға белгіленген акциялардың қалған бөлігін сату келесі жылы жалғасатын болады», — деді министр.

Оның айтуынша, ағымдағы жылдан объективті жағдайларға байланысты ауыстырылатын 17 объекті келер жылы сатылады. Кешенді жоспарға қосымша енгізілген 48 объекті бар.

«Осы қосымша объектілер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктері және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бұл объектілер бойынша жекешелендірудің жол карталарын осы уақытқа дейін дайындамағандығын атап өтемін. Осыған байланысты аталған жұмысты жеделдетуді сұраймын», — деп ескертті Смайылов Үкімет отырысында.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:

Дереккөз: BAQ.KZ