2019 жылы Қазақстанға 50 миллиард теңгенің тегін берілетін дәрі-дәрмегі әкелінеді

0
23 Қараша 2018, 12:52 196 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл диспансерлік есепте 45 ауру бойынша тіркелген науқастарды амбулаториялық емдеу үшін қажетті 550-ден астам дәрі-дәрмектің атаулары анықталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

2019 жылы тегін дәрілік қамтамасыз етуге сатып алынатын дәрілер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне 1144 позиция кіреді. Медбұйымдардың алдын ала 203,5 млрд. теңге сомаға тізім бойынша өтінімдер келіп түскен.

«Бүгінгі күні екі үлкен тендердің қорытындылары шығарылып, отандық өндірушілермен шарттар жасалды және шетелдік өндірушілермен келіссөздер жүргізілді. Қазіргі уақытта 2019 жылы дәрілік қамтамасыз етуге дәрі-дәрмектердің жалпы санынан 83% сатып алынды. Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына сатып алынған препараттарды жеткізу желтоқсан айының басында басталады, ал 2019 жылдың басынан бастап олар медициналық ұйымдарға жөнелтілетін болады», — дейді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова.

Қазіргі уақытта тендерлік рәсімдердің шеңберінде екі тендердің қорытындысы шығарылған.

«Тендерлік рәсімдердің шеңберінде бүгінгі күнге дейін 72 млрд. теңгеге артериялық гипертензия, қант диабеті, онкология, гемофилия, шашыраңқы селероз, жүрек жеткіліксіздігі, пневмония, тыныс демікпесі сияқты және басқа да ауруларды емдеу мақсатында 350 позиция сатып алынды», — дейді Фармация комитетінің басшысы.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ