2019 жылы Қазақстанда сүт зауыттары жаңа стандартқа ауысады
Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның сүт одағы (ҚСО) 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық зауыттар өңдеу үшін тек Кедендік одақтың техникалық регламенттері (КО ТР) стандарттарына сәйкес келетін сүт-шикізатын қабылдауға көшетінін мәлімдеді.
Қазіргі уақытта республикада бүкіл сүттің 75%-на дейін жеке қосалқы шаруашылықта (ЖҚШ) өндіріледі және КО ТР талаптарына жиі сәйкес келе бермейді. Бұл жөнінде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымдарының (ФАО) және Қазақстанның сүт одағының біріккен зерттеулер нәтижелері куәландырады.
Қазақстанның сүт саласының бәсекеге қабілеттілігін қалай арттыру керектігі, бизнеске және билікке сүт өндіруші зауыттар үшін шикізат сапасын және қауіпсіздігін арттыру бойынша қандай механизмдер қабылдау керектігі жайлы ҚСО басшылығы және ФАО сарапшылары Қазақстанның сүт саласын дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» шеңберінде айтып берді.
Мамандар ЕурАзЭҚ шеңберінде Қазақстанға «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентті (КО ТР 033) пайдалануға енгізу үшін бір жыл мерзім берілгенін айтып кетті. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін сүт өндіруші зауыттары КО ТР талаптарын толық қанағаттандыратын шикізатты қабылдай алады. Осыған байланысты, 2019 жылы бизнеске мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) және ФАО-ның бірлескен жобасы шеңберінде ФАО-ның халықаралық сарапшылары қолдауымен қауіпсіздік стандарттарына және КО талаптарына жауап беретін сүт өндірісінің көлемін арттыру бойынша шаралар мен құралдарды әзірлеу қажет.
«Қазақстандық сүт саласының болашағы негізінен өңдеуге жеткізілетін шикізаттың қауіпсіздігі мен сапасына байланысты. Біздің қалыптасқан жағдайды түзетуге уақытымыз жоқ. Бүгінде басты міндет — барлық санитарлық-ветеринарлық талаптарды сақтайтын және Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келетін сүт шикізатын жеткізетін аккредиттелген дайындама ұйымдары арқылы ғана сүт дайындамасын қамтамасыз ету», — деді Қазақстан Сүт Одағының директоры Владимир Кожевников.
Қазақстан дайын сүт өнімдерінің сапасына ғана емес, сонымен қатар өңдеуге жіберілетін сүттің саны мен сапасына байланысты мәселеге тап болады. Өкінішке қарай, республикада өңдеу кәсіпорындары үшін берікті негізі бола алатын ірі сүт-тауарлы фермаларының сыни массасын құру мүмкін болмады. Сонымен қатар, ЖҚШ кооперативке біріктіру үдерісі күтілгеннен гөрі баяу дамып келеді.
«Жақын арада Қазақстанда ауылшаруашылық өндірушілерінің көптеген субсидиялары жойылады. Даму ұйымы ретіндегі біздің міндетіміз Қазақстанның сүт саласын бәсекеге қабілеттіліктің лайықты деңгейіне қол жеткізуде қолдау болып табылады. Біз жеке бизнестің дамытуға қаражаттарын салуы үшін коммерциялық сипаттағы тәуекелдерді азайтудың жеткіліксіз екендігін сеніммен айта аламыз. Жиі шешілмеген нормативтік және құқықтық мәселелерге байланысты жоспарлар іске асырылмай қалады. Тәжірибе көрсеткендей, Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін жеке капиталды тартудың ең тиімді механизмі бизнес пен билік арасындағы сындарлы диалог болып табылады», — деді БҰҰ Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) Агробизнес саласындағы маманы Инна Пунда.
Қазіргі уақытта ҚСО және көптеген өңдеуші кәсіпорындар өздерінің сүт дайындаушыларымен және тапсырушыларымен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Салқындатқыш ыдыстар ақысыз негізде берілуде, сүт қабылдау бекеттері салынуда. Кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі шешілмеген мәселе болып қала беруде. Тауар шаруашылығын дамытуды қолдау мақсатында алдағы бірнеше жылда ФАО мен ЕҚДБ қазақстандық кеңесшілерді заманауи білімнің әр мал өсірушіге қол жетімді болу үшін үйретеді. Бұдан басқа, Одақ Қазақстанның Ет-сүт одағымен, Қоғамдық денсаулық сақтау комитетімен, «Сапа» тұтынушылар құқығын қорғау одағымен, «Атамекен» КҰП-мен және басқа да ұйымдармен ынтымақтасады.
Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда барлығы жыл сайын 5 млн. тоннадан астам сүт өндіріледі, оның ішінде 1 млн-нан астамы ұйымдастырылған шаруа қожалықтарында және 4 млн-нан астамы ЖҚШ өндіріледі. Сонымен бірге өңдеуге тек 1,5 млн тонна сүт жеткізіледі, бұл зауыттардың жүктемесін тек 60%-ға қамтамасыз етеді. Қазақстанның Сүт одағы ФАО мен ЕҚДБ жобасының қолдауымен келесі онжылдықта өңдеуге келіп түсетін және қауіпсіздіктің талаптарына жауап беретін 1 млн тоннаға сүт шикізатының көлемін арттыру механизмдерін зерттеуді өткізу мен әзірлеуді қарастырады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ