2019 жылы отбасын құруға бола ма
Көпшілік адамдар 2019 жылы отбасын құруға болмайды деп есептейді. Сіздерді қуантқымыз келеді, бұл жыл 365 күннен тұрады, сондықтан да өзге жылдар секілді отбасын құруға ыңғайлы жыл болып есептеледі. Артынша азы ғана қалады: той күнін белгілеу және мерекелік шараға дайындық барысы.
Жұлдызнама белгілерінің әсері
Үйленуге арналған күнді белгілеу үшін жұлдызнама белгісіне, дәл осы сәттегі айдың орналасуына мән берген дұрыс.
Тоқты. Отбасын құрған жұптар үшін алғашқы кезең ең қиыны болып табылады, өйткені әрқайсысы көшбасшылыққа, бірінші болуға талпынатыны белгілі. Уақыт өте келе бәрі де өз орынна келіп, кімнің-кім екені анықталады.
Торпақ. Бұл жұлдызнама белгісінің уақытында құрылған одақ ең жақсы болып есептеледі. Бұл жұптар бір-бірін толықтыра түсетіндей; балаларын бірге тәрбиелейді, үй салады, ортақ істері бар.
Егіздер. Мұндай жұпта бәрі де ортақ, тіпті ортақ қызығушылықтары да. Бар болғаны одақтағы біреуінің қатты шаршап, біраз уақыт демалу қажеттігін уақытында білсе болғаны.
Шаян. Шаян жұлдызнамасында айналасы адал достарға, жақын туыстарға толы жұптар қосылады.
Арыстан. Жыртқыш аңның жұлдызнама белгісі кезінде бас қосқан жұптар бір-бірін үнемі қолдап жүреді, өте ләззатқа берілгіш жандар.
Бикеш. Ал бикеш санатына қатысты жұп әлеуметтік себептерге байланысты, жағдайларға байланысты келіспеушіліңк туындап, ажырасуы ықтимал.
Таразы. Бұл жұлдызнама белгісінде романтикалық жұптар қосылған дұрыс. Одақ берік болып, кез келген қиындықты еңсереді.
Сарышаян. Егер ай осы жұлдызнама белгісінде орналасса, бұл жұпты ұрыс-керіс, қызғаншақтықтан туған алауыздық, өкпе-реніш күтіп тұр. Баланың дүниеге келуі ғана жағдайды өзгерте алады.
Мерген. Мерген кезеңінде туған жұптар жақсы жұп қана емес, адал дос та бола біледі, олар 20 жыл өтсе де бір-бірінен шаршамайды.
Тауешкі. Уақыт өте келе жалғасын таппайтын тағы бір одақ құрылуы мүмкін.
Суқұйғыш. Суқұйғыш қарамағында пайда болған жұптар адалдығымен, сенім артуымен ерекшеленеді. Кез келген уақытта көмек беруге әзір, қонақжай келеді.
Балықтар. Ережеге сәйкес, Балық белгісінде отбасын құрған жұптар көп сөйлемейді, алайда өздеріне ұнайды, олар бір-бірін сөзсіз ұғынысатын жандар.
2019 жылдағы тойға арналған сәтті күндер
Сонымен, 2019 жыл тұрмыс құру үшін қолайлы екендігін анықтап алдық. Осынау оқиғаны томсырайтып алмау үшін тұрмысқа шығу үшін қолайлы күнді таңдап алған жөн.
3-і. Айдың үшінші тәулігі жастар арасындағы дау-жанжалға түрткі болуы ықтимал. Дегенмен, бұл да отбасы құру үшін өте қолайлы саналады. Дәл осы күні отбасын құру арқылы жұп спорттың экстремалды түрімен айналысып, үнемі саяхатқа шығып тұратын болады.
6-сы. Ай күнтізбесінің дәл осы күнінде одақтасқан жұп айрықша даналыққа ие болады және олардың бір жылдан кейін ақылдары толысып, отбасын 20 және 60 жылдан кейін де сақтап қалады. Дегенмен, үйлену тойын жасау үшін бұл күн жастардың көңіл көтеруінен гөрі отбасылық кешті қалайтын ересек адамдар үшін қолайлы.
7-сі. Бұл күн күйеуі де, әйелі де өнерді жақсы көретін жұптар үшін өте қолайлы саналады. Мереке естен кетпестей болуы үшін оған әртістердің қатысқаны жөн.
10-ы. Бұл дата 2019 жылы отбасы құру үшін барынша қолайлы. Отбасы ұйымшыл әрі тату болады.
13-і. Айдың 13-і тәулігі жасы 30-дан асқан және ғылымға жан-тәнімен берілген адамдар арасында отбасы үшін сәтті дата саналады. Дегенмен, мұндай одақ байсалды әрі салмақты адамдар үшін қолайлы.
14-і. Бұл дата алғаш рет қарым-қатынасын заңды түрде жасасатын жұптар үшін үйлену тойын атап өтуге өте сәтті саналады. Бұл брінші некесі сәтсіз аяқталған адамдарға тамаша екінші мүмкіндік.
17-і. Күнтізбенің бұл күні сәбилерінің дүниеге келуін жоспарлайтын адамдардың отбасы құруы үшін қолайлы саналады.
22-і. Ай күнтізбесінің бұл күні шығармашылық және бюджеттік салада жұмыс істейтін жұптар үшін лайықты. Ал мерекелеу кезінде үстелге барынша назар аударған жөн және ол мол әрі алуан түрлі болғаны жөн.
24-і. Бұл күні қарым-қатынасын уақыт тезімен сыннан өткізген адамдар некеге отырғаны дұрыс. Олар ұзақ болған сайын одақ мығым бола түседі және жұбайлардың жасы маңызды емес.
Аптаның сәтті кезеңі мен күндері. Апта күндері мен кезеңін таңдау да барынша маңызды. Астрологтар үйлену тойы шін датаны таңдау барысында аптаның келесі күндеріне назар аударуға кеңес береді:
Дүйсенбі. Бұл ынтық жұптарға барынша қолайлы.
Жұма. Аптаның бұл күнінде бақытқа, үйлесімділік пен өзара түсіністікке толы отбасы дүниеге келеді.
Жексенбі. Дәл осы күні үйленгендердің жаны жылылық пен жайлылыққа толы болады.
2019 жылы той күнін белгілеуде ең сәтсіз күндер болып аптаның сәрсенбісі, бейсенбісі, сенбісі саналады. Қашан үйлену қажеттігін айдың толысуына сай төменде көрсетеміз:
Бірінші тоқсан. Жаңа туған ай өз қарым-қатынастарын уақыт тезгісінен өткізген жұптарға күш-қуат береді.
Жарты ай. Бұл кезеңде жасалған одақ толық болып есептеледі, жұптар бір-бірін айтқызбай-ақ түсінеді.
Толған ай. Махаббатқа ғана құрылса ғана одақ сәтті болмақ.
Егер, 2019 жылы тұрмысқа шықсам ба деп әлі ойға шомып отырсаңыз, өз сезіміңізге жүгініңіз. Өйткені сізге әдемі бір күн ғана керек емес, өмір-бақи бақытты болу мақсатыңыз екені белгілі. Әрине, той күнін белгілеудегі күн мен апта күні де айрықша мәнге ие екенін ұмытпаңыз.
Дереккөз: http://reactor.inform.kz