2019 жылы декреттік төлемдер мен жәрдемақылар көлемі қалай өзгереді?
2019 жылы айлық есептік көрсеткіш (2525 теңге) пен жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуге қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің (29 698 теңге) көлемі өсті. Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер көлемі биыл қандай болатыны туралы толығырақ төменнен оқыңыз.
№1. Бала тууға байланысты берілетін бір реттік төлемнің көлемі қанша?
Жәрдемақы бала туғаны үшін бір рет беріледі, биылғы жылы оның көлемі мынадай:
- Бірінші, екінші, үшінші балаға – 95 950 теңге;
- Төртінші және одан көп балаға – 159 075 теңге.
Егіздер, үшем, төртемдерді туғанда төлем әр балаға бөлек-бөлек аударылады.
№2. Бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы көлемі қалай өзгерді?
Жәрдемақы бала бір жасқа толғанша ай сайын төленеді. Ол төмендегі екі қаржыландыру көзінен төленеді:
- Республикалық бюджеттен,
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан.
Декретке шыққанға дейін жұмыс істемеген әйелдердің бәріне жәрдемақы бюджеттен төленеді. Оның көлемі отбасындағы бала санына байланысты:
- Бірінші балаға –14 500 теңге;
- Екінші балаға – 17 196 теңге;
- Үшінші балаға – 19 823 теңге;
- Төртінші балаға – 20 500 теңге.
Жұмыс берушісі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ақша аударған жұмыс істейтін әйелдің екі түрлі төлем алуға құқығы бар:
- Бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақы – соңғы екі жылда анасының тапқан орташа айлық табысының 40%-ы көлемінде.
- Жүктілік және бала тууға байланысты төлемдер, оның көлемі әйелдің соңғы 12 айдағы орташа айлық табысына байланысты тағайындалады.
№3. Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы қаншаға өсті?
Көпбалалы аналарға арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әйел зейнетке шыққаннан кейін де) өмір бойына төленеді. 2019 жылы оның көлемі 16 160 теңгені құрады. Оны төмендегілер алады:
- «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алған көпбалалы аналар;
- «Батыр ана» атағын алғандар;
- І және ІІ деңгейлі ордендермен марапатталған әйелдер.
- І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған әйелдер.
Баласын 8 жасқа дейін тәрбиелеген көп балалы әйелдер 53 жасында зейнетке шыға алады. Алайда, олардың жұмыс істеп кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқы сақталады.
№4. Мүгедек-баланы тәрбиелеуші отбасылар қанша жәрдемақы алады?
16 жасқа дейінгі мүгедек-баланы тәрбиелеуші отбасылар ай сайын 41 578 теңге жәрдемақы алады. 16 жасқа және кәмелет жасқа толғаннан кейін төлем көлемі мүгедектіктің тобына байланысты өзгереді:
- I топ – 57 021 теңге;
- II топ – 47 220 теңге;
- III топ – 35 638 теңге.
Мүгедек-баланы тәрбиелеуші қазақстандықтар асырауындағы бала 18 жасқа толғанша жәрдемақы алады. 2019 жылы оның көлемі – 31 183 теңге.
2018 жылдың шілде айынан бастап бала кезінен І топтағы мүгедекті асыраушыларға жаңа жәрдемақы тағайындалды. 2019 жылы оның көлемі – 31 183 теңгені құрайды (1,05 ең төменгі күнкөріс деңгейіне сәйкес).
Мақаланың орысша нұсқасын оқи отырыңыз: Декретные выплаты и пособия: как они изменятся в 2019 году
№5. Мүгедектікке байланысты төленетін жәрдемақылар көлемі
2019 жылы олардың көлемі өсті:
- I топтағы мүгедектерге – 57 021 теңге;
- II топтағы мүгедектерге – 45 438 теңге;
- III топтағы мүгедектерге – 30 886 теңге.
Бала кезінен мүгедектерге:
- I топтағыларға – 57 021 теңге;
- II топтағыларға – 47 220 теңге;
- III топтағыларға – 35 638 теңге.
Чернобыль апатынан зардап шеккен мүгедектерге төленетін жәрдемақылар:
- I топтағыларға – 83 452 теңге;
- II топтағыларға – 71 276 теңге;
- III топтағыларға – 59 693 теңге.
№6. Асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін жәрдемақы көлемі қалай өзгерді?
Асыраушысынан айырылған отбасылар 2019 жылы төмендегідей көлемде жәрдемақы алады:
- Бір балаға – 25 541 теңге;
- Екі балаға – 44 250 теңге;
- Үш балаға – 54 941 теңге;
- Төрт балаға – 58 208 теңге;
- Бес балаға – 60 286 теңге;
- Алты және одан да көп балаға – 62 663 теңге.
Егер асыраушысы жұмыс істеген болса мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан да ақша төленеді.
№7. Атаулы әлеуметтік көмек және мемлекетпен келісім-шарт
2018 жылы аз қамтылған отбасыларға жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Оның көлемі балаларды қосқанда отбасының әр мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайды (14 850 теңге). Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандықтар жарты жылға төленетін соманы бірден ала алады.
Мемлекет ақша төлеп қана қоймай, отбасының еңбекке қабілетті мүшесімен жарты жылға әлеуметтік келісім-шартқа отырады. Оны оқыту курстарына жібереді, кейін жұмысқа орналастырады. Тіпті микронесие де беруі мүмкін. Келісім-шарт тараптары оқыту және жұмысқа орналастыру ұсыныстарынан бас тартпауы керек. Бұлай болған жағдайда айыппұлдар салынады, атаулы әлеуметтік көлемі 50%-ға қысқартылады (отбасының қалған мүшелері жәрдемақыны бұрынғыша ала береді). Екінші рет бас тартса, ол адам жәрдемақы алушылар қатарынан шығарылады. Егер отбасында еңбекке қабілетті бірде бір адам болмаса (мәселен бірнеше баласы бар жалғызбасты ана) көмек сөзсіз тағайындалады. Ешқандай әлеуметтік келісім-шарт жасасудың қажеті жоқ.
Авторы Евгения Бодрова, Жадра Жулмухаметова.
Аударған Мәншүк Шапхатқызы.
Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter
Дереккөз: https://informburo.kz