2019 жылы бақытты болғысы келетін адамдар не істеуі керек? — новости Казахстана

0

Жаңа жыл кешінде барлығымыз есік қағып кірген жылдан бақыт пен табыс сұраймыз. Ал 2019 жылы табысқа кенеліп, бақытты болу үшін зодиак белгілері не істеу қажет? Бұл сұраққа астролог Ольга Аристова жауап берді деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: playcast.ru

Көрнекі фото: playcast.ru

Тоқты

2019 жыл тоқтыларға көп тосын сый алып келеді. Жүректері бос Тоқтылар жылдың алғашқы жартысында өз махаббаттарын кезіктіруі мүмкін болса, сүйіктілері бар жандар қарым-қатынастарын жаңа сатыға көтереді. Яғни, олар заңды түрде неке қиюды немесе ата-ана болуды шешеді. 2019 жылдың маусым айынан желтоқсанға дейін Тоқтылар басқа қалаға немесе мемлекетке көшуі мүмкін.

Торпақ

Келесі жылы барлығына ақыл айтуды ұнататын Торпақтар бұл әдеттерінен арылуы қажет. Өйткені, 2019 жыл басқалардың ісіне араласатын зодиак белгілерін ұнатпай қалуы мүмкін. Көктемде Торпақтардың өмірінде қиын кезеңдер орын алады. Осы уақытта олар барлық сынақтан қорықпай өтіп, өткен реніштерді ұмытуы керек екен. Ал жаздың басында Торпақтарды мансап жолында табыстар күтіп тұрса, күзде бұл белгілер кәсіби тұрғыда көп жетістіктерге жетеді.

Егіздер

Егіздер қыста жанұялық мәселелерді шешумен айналысады. Ал көктем мен жаздың басында бұл зодиак белгілері мұрагерлікке қатысты сұрақтардың жауабын іздестіреді. Барлығын әділ түрде шешіп, ешкімді ренжітпес үшін Егіздерге кәсіби заңгердің көмегі де керек болуы да ықтимал. Ал жеке өмірде Егіздер тұрақты емес, өтпелі әрі уақытша қарым-қатынаста болады. Бұл әзірге жанұялық өмірге дайын емес жандарға ұнауы да мүмкін.

Шаян

2019 жылдың алғашқы алты айында Шаяндар тұрмыстық жағдайларын реттеумен айналысады. Олардың қатарында біреулер құрылыс бастаса, екіншілері жаңа үйге қоныс аударуы мүмкін. Алайда, бұл үшін Шаяндарға екінші жартысының қолдауы қатты керек. Бұл зодиак белгілеріне алыстағы туыстарын шарқ ұрына іздеудің қажеті жоқ. Себебі, олардың қатарында Шаяндардың басына қара бұлт үйріліген кезде кім көмекке келері де белгісіз.

Арыстан

Арыстандар бойларындағы тәкаппарлықтан арылар болса, 2019 жылы көп жетістіктерге жетеді. Бұл зодиак белгілерінің көп жақсы қасиеттері болғанымен бойындағы азғантай кемшіліктер өміріне кері әсерін тигізіп отырады. Жалпы арыстандар тек өздерін ғана емес, жақындарын да ойлай білуі қажет. Ал 2019 жылы бұл зодиак белгілері жанұя мүшелеріне бас назар аударғаны абзал.

Бикеш

2019 жылдың басында Бикештер өз түйсіктеріне сенім артқаны абзал. Бұл зодиак белгілері өз армандарын дұрыс құрай алмағандықтан келесі жылы өзін бақытсыз сезінуі мүмкін. Ал өзіңізге қажетті нәрсеге қол жеткізу үшін сізге мазасыз ойлардан арылу қажет. Сондықтан, жаз айларында тіпті, достарыңыз болмаса да, саяхаттап кетуіңізге болады. Осылайша, сіз ойларыңызды бір қалыпқа келтіре аласыз.

Таразы

Таразыларға көктемге дейін ешқандай өзгеріс күтудің қажеті жоқ. Бұл зодиак белгілері қыста демалып, бұрыннан жоспарлаған істерін көктемде бастағаны дұрыс. Сіз не ойласаңыз да, көктем- бұл үшін таптырмас мезгіл. Ал екінші жартысын тауып, махаббаттан басы айналып жүрген жандар әзірге неке қиюға асықпағаны абзал. Одан да бұл істі сәл кейінге шегеріп, күзге дейін ойлана тұрғаныңыз жөн.

Сарышаян

Сарышаяндар жыл басында армандаған жұмыстарына кіреді. Бұл қызметте олар тек қаржылай жетістікке жетіп қана қоймай, ұжымдағы әріптестерімен жақсы тіл табыса алады. Ал көктемде аталған зодиак белгілеріне ештеңе істеудің де қажеті жоқ. Себебі, бұл айда барлығы өздігінен атқарылып, жолыңыз ашылады. Ал жаз айлары біраз уақыт көріспеген достарыңызды көруге мүмкіндік береді.

Мерген

Қыста Мергендер үйде тыныш отыруды жөн көреді. Алайда көктем басталғанда олар өздерінің бар екенін еске салу үшін қайтадан сыртқа шыға бастайды. Осылайша, бұл зодиак белгілері теңіз жағасына немесе алыс жерге саяхатқа кетіп қалуы мүмкін. Бұл саяхат Мергендердің өміріне алпауыт өзгерістер алып келуі ықтимал.

Тауешкі

Тауешкілер 2019 жылдың жаз айларына дейін тек қана жұмыспен бас қатырады. Олар тек қана күзде естерін жинап, бірінші жартыжылдықта мән бермеген істеріне кірісе бастайды. Бұл зодиак белгілері өздерінің жұмыстағы таныстары мен достарының, серіктестерінің санын арттыруы мүмкін. Ал жұптары бар Тауешкілер қарым-қатынаста өзгешелік пен жаңашылдық болғанын қалайды. Алайда, уақытша қызыққа беріліп, жүрегіңіздің жартысынан айырылып қалу қаупі де бар. Одан бөлек, Тауешкілерге барлық қаржылай мәселелерді жыл соңына жоспарлаған абзал.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар келесі жылдың қысы мен көктемінде өз-өздерін дамытуды қолға алады. Жаз айларында олар ірі сауда жасауды жоспарлауы мүмкін. Алайда бұл зодиак белгілеріне кез келген сауданы ешқандай несие алмай, жинаған ақшаларды жұмсағаны дұрыс. Осы жылы дүбірлі той ойластырған Суқұйғыштар да кішігірім ған кешпен тоқтағаны абзал.

Балықтар

Келесі жылдың алғашқы айларында Балықтар психологиялық тұрғыда біраз күйзеліске ұшырауы мүмкін. Олар өздерін бақытсыз сезініп, лайықты өмір сүріп жүрген жоқпын деп те ойлауы мүмкін.

Бұл тығырықтан, мазасыз ойлардан шығуға Балықтарға бұрын құлақ түрмеген адамның ақылы көмектесуі мүмкін. Көктемде бұл зодиак белгілері ақша мәселесіне қарамастан ұзақ саяхатқа кетеді. Туған күнін шет мемлекетте қарсы алған олардың бойын шабыт пен күш-қуат кернейді.