2019 жылы 12 мың адам келіп, 45 мың адам елден кетті

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстаннан 31,5 мың еңбекке қабілетті азамат көшіп кетті, олардың басым бөлігі 3 облыстан қоныс аударды

АЛМАТЫ, 12 наурыз – Sputnik. 2019 жылы Қазақстандағы ішкі көші-қон ағыны 1,1 миллион адамға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25,6%-ке көп, деп хабарлады Ranking.kz.

Ал сыртқы көші-қон бойынша 2019 жылдың қаңтар-желтоқсаны аралығында 12 260 адам келіп, 45 200 адам елден кеткен.

«Қазақстанға келген мигранттардың ішінде балалар мен жасөспірімдердің саны – 1,7 мың адам. Сондай-ақ, 9 500 еңбекке жарамды тұрғын және 1,1 мың зейнеткер бар. Ал елден кеткендердің 11,7 мыңы бала мен жасөспірім, 31,5 мыңы еңбекке қабілетті азамат және 2,1 мыңы зейнеткер», — делінген ақпаратта.

Елге келгендердің басым бөлігі – қазақтар. Бір жыл ішінде 7 мың қазақ, 2 650 орыс, 301 қарақалпақ келген. 32,8 мың орыс, 3 200 неміс және 3 мың украин елден кетті.

«Иммигранттардың басым бөлігі Маңғыстау (2 500 адам), Алматы облысына (2 100 адам) және Алматыға (1 400 адам) қоныстанды. Эмигранттардың басым бөлігі 3 облыстан кетті. Олар: Шығыс Қазақстаннан 7 100 адам, Қарағанды облысынан 5 800 адам, Қостанай облысынан 5 700 адам», — делінген ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Министр оралмандардың еңбек өтілі неге есептелмей жүргенін айтты

ТМД елдері ішінде Қазақстанға ең көп мигрант Өзбекстаннан қоныс аударды – 4, 16 мың адам, Ресей Федерациясынан 3 400 адам және Түрікменстаннан  874 адам келді.

Ал Қазақстаннан Ресей Федерациясына 39 800 адам қоныс аударды. Сондай-ақ, Өзбекстанға 435 адам және Беларуске 356 адам кетті.



sputniknews.kz