2019 жылғы демалыстар күнтізбесі: үкімет қандай өзгерту енгізді?

0
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

244 0 0

Мамырда демалыс күндерінің бірі кейін шегерілді

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. 2019 жылдың мамыр айындағы демалыстар күнтізбесіне үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес өзгерту енгізілді.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылы 23 қарашадан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес ҚР үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды», — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.

Келе жатқан жаңа жылда қазақстандықтар 365 күннің 119-ында демалады.

2018 жылдың соңғы екі күні мен 2019 жылдың алғашқы екі күні демалыс болады. Қазақстандағы жалғыз ұлттық мереке – Тәуелсіздік күніне орай еліміздің азаматтары 16 және 17 желтоқсанда демалады. Сонымен бірге Халықаралық әйелдер күні, Наурыз, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Отан қорғаушы күні, Жеңіс күні, Астана күні, Конституция күні және Тұңғыш Президент күні мейрамдары кезінде қазақстандықтар жұмыс істемейді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/