2019 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал — Қазақстан жаңалықтары

0

2019 жылдың сәуір айында аспан денелерінің орналасуы салыстырмалы түрде сәтті болады. Көктемнің екінші айының алғашқы онкүндігі өмірдің түрлі салаларында белгілі бір өзгерістермен байланысты болмақ. Дегенмен, қаржы жағынан да мерзімді қиындықтар болуы мүмкін. Сәуір айының ортасы жаңа идеялар мен мүмкіндіктерге арналған уақыт, деп жазады Stan.kz.

2019 жылдың сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Ал айдың соңында адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен ақпарат алмасу алдыңғы қатарға қойылады. Сонымен, сіз  үшін көктемнің ортасы қандай болады? Әр жұлдыз белгісіне арналған қысқаша астрологиялық болжам шешім қабылдау мен мақсаттар қоюға көмектеседі.

Тоқты

Жұлдызнама бойынша 2019 жылдың сәуір айына қарай тоқтыларды аса серпінді емес, бірақ жақсы уақыт күтуде. Жұлдыздар ай бойы жағымсыз оқиғалар мен шешілмейтін кедергілер болмайды деп уәде етеді.

Сәуір айының алғашқы онкүндігінде бұл белгінің өкілдері тыныш көңіл-күйде болады. Эмоционалды тұрақтылық табысты бастамаларға және өмірдің басым бағыттарында лайықты нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді. Бұл ауқымды жоспар құрудың тамаша уақыты болмақ.

Айдың соңында бұл белгі өкілдері уақытын тұрмыстық істерге арнайды. 

Ал жалғыз басты тоқтыларға демалуға болмайды. Себебі, үшінші онкүндікте қарама-қарсы жыныс өкілдерімен қызықты танысу болуы мүмкін. Ең бастысы – оқиғаны асықтырмай, өзіңізге ұнаған адамның ортасында уақытты жақсы өткізіп, рахаттаныңыз.

Сонымен қатар, шұғыл түрде өз денсаулығыңызды қадағалаңыз. Денсаулықты қалпына келтіруге бағытталған барлық манипуляциялар сәуір айында айтарлықтай жақсы әсер береді.

Торпақ

Жұлдызнама бойынша 2019 жылдың сәуір айы торпақтар үшін өте қайшылықты кезең болады.

Әсіресе, алғашқы онкүндік өте қиын болады деп болжанады. Бұл уақытта жақындарыңызбен, сүйіктіңізбен арада реніш,  қаржылық шығындар, достарыңызбен немесе отбасыңызбен қиындықтар болуы мүмкін. Ал осы стресстік жағдайлар сіздің психологиялық күйіңізге теріс әсер етеді, сондықтан денсаулығыңызға көңіл аударуға тырысыңыз. Бұл бюджетті жоспарлау және ақша айналымы үшін мүлдем қолайсыз уақыт. Сондай-ақ, іссапарлар, кездесулер мен іскерлік кездесулерді де уақытша кейінге қалдыру ұсынылады.

Айдың ортасында бірқатар қиындықтар азая бастайды. Бұл белгінің өкілдерін кәсіби салада қарқынды жұмыс күтіп тұр. Пайдалы байланыстарды нығайтуға және ықпалды тұлғалардың қамқорлығына байланысты позитивті үрдістер орын алады. Сондай-ақ, күтпеген жерден қомақты қаржы иеленуіңіз әбден мүмкін.

Торпақ сіздің табиғи жарқындылығыңыз өткір бұрыштарды тегістеуге көмектеседі, бірақ сіз харизманы теріс пайдаланбауыңыз керек. Яғни, сіздің жолдасыңыз бетпақтық емес, сенімділік болуы тиіс.

Кезеңнің соңына қарай энергияның күшейіп келе жатқанын сезінесіз және оптимизм мен өзіңізге  деген сеніміңіз қайтып келеді. Ал бұл идеяларды қалыптастыруға және ұзақ мерзімді жоспарлар құруға жақсы уақыт болмақ.

Егіздер

2019 жылдың сәуір айында егіздерді қызықты және эмоционалды жағымды кезең күтеді. Әрине, бір кемшілік бар. Сол үшін сіз ештеңені өзгертуге тырыспай, өзіңізге ағынмен жүруге рұқсат етіңіз. Себебі, қазір жарысудың және өзін-өзі тексерудің уақыты емес. 

Бастапқыда, романтикалық қызулық күшейіп, жеке өміріңіз қыза бастайды. Жалпы, сәуір айы өнімді қатынас, іскерлік қарым-қатынас пен қоғамдық белсенділіктің жақсы сәті. Сондықтан, алға қарай асықпай, өзіңіздің ішкі түйсігіңізге құлақ асып әрекет етіңіз. Сонда барлығы сіздің пайдаңызда болады.

Сәуір айының ортасында егіздер имиджін өзгертуге құлшынып тұрады. Бұл киім-кешек, аяқ киім және әшекейлер сатып алуға қолайлы уақыт. Сондай-ақ, жұлдыздар қызықты таныстықтар мен ерекше қызығушылықтар, көптеген нәрсе шығармашылық толқында болады, деп уәде береді.

Үшінші онкүндікте егіздерді іскерлік сапарлар мен саяхаттар күтеді. Сонымен қатар, бұл күндері отбасында немесе өмірлік серігіңізбен арада түсініспеушілік туындау қаупі бар, үйде дау-дамайлар мен жанжалдар болуы мүмкін.

Шаян

Жұлдызнама бойынша 2019 жылдың сәуір айы шаяндарда барлық жағынан қолайлы болады. Айдың басында қолда бар ресурстарды жұмылдырып әрекет етсеңіз, сіз ағымдағы жобаларды және жауапты істерді оңай аяқтай алатын боласыз.

Екінші онкүндік жоспар құруға қолайлы уақыт. Бұл кәсіби салаға, жеке өмірге, алдағы демалысқа, ойын-сауық шараларға, зерттеулерге және сапарларға қатысты. Сәуірдің екінші онкүндігі іскерлік серіктестер мен шығармашыл мүддес адамдарды іздеуге қолайлы уақыт. Сондай-ақ, осы күндерде шаяндар махаббат  майданындағы мәселені де шеше алады. 

Мұнда сәуірдің соңғы онкүндігі үйлесімді және шуақты болмақ. Қаласаңыз, өз өміріңіздегі әдеттегі сәттерді түбегейлі өзгерте аласыз.

Сәуір айының соңында жұлдыздар шаяндарға аздап демалуға, бос уақыттарын достарымен және жақын адамдарымен өткізуге кеңес береді.

Арыстан

2019 жылдың сәуір айы арыстандар үшін үйлесімді және өнімді уақыт болады деп болжанады. Ең бастысы, өзгелерді көп сынамады доғару қажет.

Алғашқы онкүндік – бұл мүмкіндік пен ықтималдықтың кезеңі. Бұл күндері жиналып қалған мәселелерді шешуге кеңес беріледі. Мансапкерлер өздерінің кәсіби ұстанымдарын нығайта алады және қызметі жоғарылап, ірі қаржылық кірістерге кенелуі мүмкін.

Отты символдың өкілдері айдың ортасында күшінің күшейгенін сезеді, олардың денсаулығы айтарлықтай жақсарады. Бұл уақытта жұлдыздар физикалық жаттығулар туралы ұмытып кетпеуге кеңес береді, өйткені спорттың арқасында ұзақ уақыт бойы сергек жүре аласыз. Сонымен қатар, бұл мүліктік нюанстар мен әлеуметтік мәселелерді шешудің қолайлы сәті.

Сондай-ақ, сәуірдің екінші онкүндігінде жүзеге асырылатын іскерлік немесе шығармашылық саласындағы жұмыстар сізді табыстқа жетелейді. 

Айдың соңына қарай көпшілігі қарым-қатынас пен таныстыққа құмартатын болады. Бизнес және жеке кездесулерге, мәдени іс-шараларға және білім беру тренингтеріне баруға қолайлы уақыт келеді. Бұл кезде жұмысты уақытша тоқтатуға болмайды. Ал бос уақытты жеке немесе отбасылық бюджетті жоспарлауға жұмсаған жөн.

Арыстандар басқа адамдарға, әсіресе өзіне төзімді болуы керек. Сіздің көңіл-күйіңіз қаншалықты көтеріңкі болса, сәуір айында сізге қарай неғұрлым жағымды және пайдалы адамдар тартылады.

Бикеш

Жұлдыз жорамал бойынша бикештерге 2019 жылдың сәуір айында ең тұрақты, бірақ көбінесе өнімді кезеңнен өтуге тура келеді. Айдың басында басқалармен арадағы қарым-қатынас  үнемі өзгерістерге ұшырайды және сіз осы үдерістерді әрең бақылайтын боласыз. Ал кәсіби салада тұрақты бәсекелестер пайда болады, бірақ бұл сіз үшін тіпті жақсы болмақ. Бұл белгінің өздері алдарына нақты мақсат қойып, сырттан келген теріс әсердің арқасында нақты әрекет ете бастайды.

Екінші онкүндік сіздің өміріңізге серпінділік пен жаңа әсер қосады. Ал жалғызбасты бикештер үшін романтикалық қарым-қатынас басым болмақ. Сондай-ақ, бұл кезеңде іссапарлар мен шағын сапарлар, жағымды таныстықтар күтіледі.

Басы бос бикештерге кенеттен келген қызу махаббат хикаясына дайындалуға кеңес беріледі. Себебі, бұл қарым-қатынас сіз үшін ес кетіретін және  кенеттен келген қатынас  болады. Сондықтан, мұндай дауылға қарсы тұруды ойламай, рахаттаныңыз. 

Таразы

Таразы үшін көктемнің екінші айы жылдың шынымен маңызды кезеңі болады. Жұлдыздар 2019 жылдың сәуір айында барлық қоғамдық іс-шараларға, кездесулер мен келіссөздерге белсене қатысуға кеңес береді.

Сәуірдің басында таразылар өзінің қоғамдағы позициясын нығайта алады, оларға ең бастысы – осындай мақсат қою керек. Бұл уақытта сіздің коммуникативті талантыңыз және ұйымдастырушылық дағдыларыңыз өмірдің барлық салаларында көріне бастайды, сол себепті мүмкіндікті ұтымды пайдаланыңыз. Сіздің кәсіби жетістіктеріңізге үлес қосатын перспективалы таныстықтар да болады.

Екінші онкүндікте жеке өміріңіз жақсара түспек. Басы бос таразылар үшін сүйікті адамын кездестіріп, онымен қарым-қатынас құруға тамаша уақыт келді. Жұлдыздар сізге төрт қабырғада отырмауға, жиі әлеуметтік шараларға, концерттерге және көрмелерге баруға кеңес береді.

Бірақ, кезеңнің соңында бюджетке мұқият болу керек. Шығындарды талдаумен айналысып және келешек инвестицияларды жоспарлауыңызға болады. Өйткені, кәсіби салада жұмыссықдыққа ұшырау қаупі бар.

Саршаян

Сәуір саршаяндар үшін бірдей толқында өтпейді. Айдың алғашқы жеті күні энергетикалық ресурстардың төмендеуіне алып келеді. Осы кезеңде махаббат мәселесі мен қаржы саласында шатастыратын және қызықты жағдайлар болуы ықтимал. Жұлдыздар сізге қымбат заттарды сатып алудан, іскерлік кездесулерге қатысудан, көпшілік алдында сөз сөйлеуден және саяхаттан бас тартуға кеңес береді.

Сонымен қатар, екінші онкүндік бастала салысымен саршаяндарда оң өзгерістер болады. Эмоционалды фон және физикалық тонус тұрақтанып, жоспарланған жоспарлар сіздің белсенді әрекетіңіз-ақ іске асырыла бастайды. Су белгілерінің типтік өкілдері барлық бастамалары мен істерінде достық көмекке жүгіне алады.

Соңғы онкүндік сізге махаббат қатынастарын анықтауға және бюджетті күшейтуге мүмкіндік береді. Дегенмен, жұлдыздар мамыр айында ауқымды сауда-саттық жасауды ұсынады.

Сәуір айында саршаяндарда денсаулығына қатысты қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан денсаулығыңызға көңіл бөлуіңіз керек.

Мерген

Сәуір айының басы мергендер үшін айдың ең қолайлы кезеңі болады. Жұлдыз жорамал бойынша 2019 жылдың сәуір айында мергендер энергия мен батылдыққа толы боласыз. Алғашқы онкүндік бұған дейін ойластырған жоспарларыңызды іске асыруға мүмкіндік береді және алдыңыздан мансаптық өсу мен жеке дамуға байланысты қызықты мүмкіндіктер ашылады. Ең бастысы белсенділік танытыңыз. Сонда көптен күткен мансақтық өсуге де қол жеткізе аласыз.

Бірақ, екінші онкүндікте махаббат қатынастарында біраз мәселелер болуы ықтимал, сол секілді іскерлік қарым-қатынаста да кедергілер орын алуы мүмкін. Жұлдыздар мергендерге тыныштық сақтауға және жылдам қорытынды жасамауға кеңес береді, сонда ғана жағымсыз жағдайлар өзінен-өзі шешіледі.

Соңғы онкүндік барлық салаларда оң өзгерістермен байланысты болады. Өмірлік серігіңізбен арадағы қарым-қатынас сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, іскерлік байланыстар нығаюы мүмкін. Бұл отбасымен бірге көңіл көтеруге және туыстар немесе үлкендерге көмек көрсету үшін тамаша уақыт.

Жұп болып кездесіп жүрген ғашықтардың екеуі де мерген болса, жағдай біраз қиын болады. Себебі, әрқайсысы өз дегенін істеп, сүйіктісіне ренжішін байқатады. Бірақ, сәуірдің соңында көкейдегі сұрақтардың бәрі жауабын тауып, ымыраға келуге мүмкіндік туады.

Тауешкі

Жұлдыз жорамалға сәйкес, тауешкілерге 2019 жылдың сәуір айында барлық беймәлім нәрселерге белсенді қатысуға, алға қарай қадам жасауына және соңғы үрдістерді ұстануына тура келеді.

Көктемнің екінші айының басы жылжымайтын мүлік, құрылыс, жөндеу және үй сау секілді мәселелерді шешу үшін қолайлы. Табысқа жетудің басты шарты – барлық іс-шаралар мен шығындар алдын-ала ойластырылған болуы керек. Алғашқы онкүндікте жұлдыздар ірі сауда жасамауға, сондай-ақ инвестициялар жасамауға кеңес береді.

Сәуір айының ортасы динамикалы, бірақ эмоционалды түрде жағымды болады. Жұлдыздар тауекшілерге ұмытылмас сапарлар мен саяхаттарға, арты ұзаққа созылатын таныстық, оқуда жетістіктер мен интеллектуалды әлеуетті де арттыруға мүмкіндік болады деп уәде береді.

Бірақ, айдың соңында жоспарланған сауданы жасауға уақыт келеді. Ал бос уақытты отбасымен, егде жастағы туыстарыңызбен және балалармен өткізуге кеңес беріледі.

Суқұйғыш

2019 жылдың сәуір айында суқұйғыштарда тыныш кезең болады. Бірақ, зияткерлік пен физикалық белсенділікпен айналысқан зиян келтірмейді.

Айдың басында айналаңыздағы оқиғаларға қызығушылық танытпауыңыз мүмкін. Бірақ, 5 сәуірден бастап суқұйғыштар отбасылық, махаббат және достық қарым-қатынастарға қызығып, ашыла бастайды. Ең бастысы, айналаңызға жағымды және жайлы жағдай жасауңыз керек.

Екінші онкүндікте, керісінше, танымдық қажеттіліктер артады және сіз энергияның күшейгенін сезесіз. Ал жаңа таныстар мен сапарлар  эмоционалды жағдайды тұрақтандыруға ықпал етеді. Сондай-ақ, сәуір айында жұмыста да, жақын туысқандармен қарым-қатынаста да қарым-қатынасты нығайтудың сәті туады.

Сәуірдің үшінші онкүндігі тұрмыстық мәселелерге байланысты болады. Пәтер жөндеуге, жекежайды көркейтуге, үйге дизайндық өзгерістер жасауға үлкен мүмкіндік келеді. Сондықтан, сіз өз бюджетіңізді тиімді басқаруыңыз керек, әйтпесе қарызға батуыңыз мүмкін.

Балықтар

Жұлдыз жорамал бойынша 2019 жылдың сәуір айы сәттілік пен еңбек өнімділігінің кезеңі деп болжанады. Алғашқы күндер перспективалы идеяларға бай болады, кейбіреулері өз бизнесін ашуды ойластырады. Ал мансапшыларды кәсіби салада қосымша жүктеме күтеді.

Айдың ортасында креативті және шығармашылық қызметтерге жағдай жасалады. Бұл мүдделі одақтастарды іздестірудің жақсы сәті. Және ұжымдық жұмыс арқылы айтарлықтай жақсы нәтижелерге қол жеткізе аласыз.

Балықтардың екінші онкүндігі – бұл махаббат мәселесінде және жағымды романтикалық таныстықтарда өшпес қарым-қатынастарды қалпына келтірудің қолайлы уақыты.

Үшінші онкүндікте балықтарға біраз әбігерленуге тура келеді. Бұл кезеңде оларға демалуға  уақыт болмайды. Сәуір айының аяғында іскерлік сапарлар, қызметкерлерді кәсіби негізде қайта тағайындау, бизнестегі іскерлік қарым-қатынас тактикасын өзгерту секілді жұмысқа қатысты өзгерістер болуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

stan.kz