2019 жылдың қаңтар айына арналған ауа райы болжамы

0
29 Желтоқсан 2018, 13:30 464 0

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК 2019 жылдың қаңтарына арналған консультациялық ауа райы болжамын ұсынды.

Алдын ала болжам бойынша қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1°С жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын күтіледі.

Айлық жауын-шашын мөлшері нормаға жуық және нормадан жоғары, тек Павлодар және Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде нормадан аз күтіледі.

Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағнасы түнде 25…30, кей жерде 35 дейін аяз, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді.

Ал еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары шығатын болады және фронтальдық бөліктердің өтуімен жылы жауын-шашынмен ауа райы болжанады. Ауа температурасы: түнде 2…7, кей жерлерде 12 дейін аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 дейін аязды құрайды.

Осы айдың ішінде жылы ауа массасының жиі шығуына және фронтальдық бөліктердің өтуімен республиканың үлкен бөлігінде жылы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі. Тек бірінші және үшінші декаданың басында кезекті ауа температурасының төмендеуі күтіледі.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ