2019 жылдың 30 қаңтарына арналған ауа райы болжамы

0
215

Метеоролог мамандар қазақстандықтарға республика бойынша бірнеше облыста қатты жел соғып, қарлы боран соғып, тұман түсетінін ескертті

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. «Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның бірнеше аймағында дабылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Метеорологтар көптеген өңірде, әсіресе оңтүстікте қатты жауын-шашын болатынын айтады. Сондай-ақ, өңірлерде қатты жел соғып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Қазақстанның ірі қалаларындағы ауа райы

Астана әкімдігінің сайтындағы ақпарат бойынша, Астана қаласында күн құбылмалы болады. Ауа температурасы түнде —17; —19 градус аяз, ал күндіз —8; —10 градусқа дейін төмендейді.

Gismeteo болжамы бойынша, Алматыда күндіз үш градус жылы, ал түнде күн бұлттанып, —8 градус суық болады.

Сәрсенбі күні Шымкентте күндіз — 12 градус, түнде 7 градус жылы болады. Синоптик мамандар 30 қаңтар күні желдің секундына 22 метр жылдамдықпен соғатынын ескертті.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 28 метр жылдамдықпен соғады.

Сондай-ақ синоптик мамандар Қазақстанда ауа райының бұзылатынын ескертті. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жел секундына 20 метр жылдамдықпен соғады. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында түнде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтөбе облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетеді.

Метеоролог мамандар Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында жел жылдамдығының секундына 20 метрге дейін артып, Қарағандыда қарлы боран соғатынын ескертті.

Алдағы күндері Жамбыл облысында жел секундына 28 метр жылдамдықпен соғады. Мұнымен қатар, метеорологтар тұман түсіп, көктайғақ болатынын айтады.

Сәрсенбі, 30 қаңтар күні, Түркістан облысында жел жылдамдығы секундына 27 метр жылдамдықпен соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады.

30 қаңтар күні Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетеді. Қостанай облысында өз кезегінде жел жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жетіп, қарлы боран соғуы мүмкін.

Бұдан өзге Алматы облысында қатты жел соғады — секундына 20 метрге дейін, ал Алакөл көлі ауданында — секундына 30 метрге дейін жетеді.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/