2019 жылдың 11 қаңтарына арналған ауа райы болжамы
Қазақстанның оңтүстігінен басқа барлық өңірде күн суытады
Қазақстанның шығысында сынап бағанасы 37 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстік аймағында жаңбырдың арты қарға ұласып, тұман мен көктайғақ болады.
«Қазгидромет» мәліметі бойынша, 11 қаңтардан бастап ауа температурасы төмендей бастайды. Шығыс өңірлерде ауа температурасы минус 30-37 градус аралығында болады.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында атмосфералық қысым ұлғайып, кей аудандарда аздаған қар жауады. Сондай-ақ, күн 28-35 градусқа дейін суытуы мүмкін.
Республиканың батысында күн суытып, кейін ауа температурасы көтеріледі. Кей жерлерде көктайғақ болып, күн бұлттануы мүмкін.
11 қаңтарға Қазақстан қалаларына арналған ауа райы болжамы
- Астана: күн ашық болып, жел секундына 4 метр жылдамдықпен соғады, ауа температурасы —28 бен —18 аралығында құбылады;
- Алматы: арасында күн бұлттанып, температура түнде —6, күндіз 0; —1 градус болып, жел секундына 1-8 метр жылдамдықпен соғады;
- Шымкент: күн бұлттанып, жаңбыр жауады, ауа температурасы нөлден 1-5 градус жоғары болады, ал жел жылдамдығы секундына 16 метрге дейін жетеді.
11 қаңтарға Қазақстан өңірлеріне арналған ауа райы болжамы
- Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, ал Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы секундына 20-25 метрге дейін барады;
- Синоптиктер Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болатынын, сондай-ақ, таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететінін айтады;
- Түркістанда тұман түсіп, таңертең және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін ұйытқуы мүмкін.
- Жамбыл және Маңғыстау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады;
- Қарағанды және Шығыс Қазақстанда боран соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін ұлғаяды;
- Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Дабылды ескерту
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Ақтауда да көктайғақ болып, түнде және таңертең тұман түседі.
Су деңгейі қауіпті 740 сантиметр белгісіне жетіп қалғандықтан, Қызылорданың маңында Сырдария өзені арнасынан шығуы мүмкін.
Дереккөз: https://sputniknews.kz/