2019 жылдан бастап жол ережесіне қатысты не өзгереді?

0

2019 жылы барлық айыппұлды 2018 жылмен салыстырғанда 4,99%-ға артық төлейсіз

Бұл айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 405 теңгеден 2 525 теңгеге өсуіне байланысты.

2018 жылы күшіне енген ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне (ӘкҚБК) өзгерістерде жол ережелерінің бұзылуына қатысты айыппұлдың 22 түрі азайтылған. Аталған заң бойынша айыппұл 7 күннің ішінде төленсе, 50%-дық жеңілдік жасау мүмкіндігі барын білесіздер.

2018 жылғы 30 қарашадағы № 197-VI Заңымен «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына қол қойылды. Құжатқа сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап негізгі көрсеткіштердің келесі мөлшерлемелері белгіленді:

  1. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2 525 теңге;
  2. Ең төменгі жалақы мөлшері (ЕТЖ) – 42 500 теңге;
  3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге;
  4. Ең төменгі зейнетақы мөлшері – 36 108 теңге;
  5. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 29 698 теңге.

Айыппұлды төлемей құтылуға бола ма?

ӘкҚБК-тің 890 бабына, 1 тарауына сәйкес, егер көрсетілген мерзім ішінде іс бойынша қаулы шығарылмаса, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 1 жыл өткеннен кейін адам әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

ӘкҚБК 893 бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам қаулы шыққан күннен бастап айыппұлды 30 күннен кешіктірмей төлеуі тиіс.

Айыппұлды төлеу оңай

Айыппұлды екінші деңгейлі банктер мен «Қазпошта» арқылы төлесеңіз, төлем туралы хабарлама ҚР Ішкі істер министрлігінің базасына тіке түседі. Сонымен бірге электронды үкімет порталы, интернет банктер, терминалдар мен түрлі электронды әмияндар арқылы да төлей аласыз. Алайда, бюджеттік сыныптама кодын (БСК) дұрыс көрсету керек.

Айыппұлды сотқа жібермей төлеңіз

Егер айыппұлды уағында төлемесеңіз, сотқа жіберіледі. Онда қаулы шыққаннан кейін 30 күн ішінде төлеуге міндеттісіз. Олай болмағанда жеке сот орындаушыларының түрлі кедергілеріне ұшырайсыз, яғни олардың қызмет көрсету ақысын қосып төлейсіз. Сот үкімін орындату үшін есеп-шоттарыңызды жаптыруы, егер айыппұл көлемі 20 АЕК-тен асса шетелге шығуға да кедергі жасауы мүмкін.

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 437 қаулысымен бекітілген жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу тарифіне сәйкес өндірілген соманың 25 пайызынан 3 пайызына дейінгі аралықта ақы төленеді: 60 АЕК-ке дейінгі сомадан 25%, 60-тан 300 АЕК дейінгі аралықта – 20%, 20 000 АЕК-тен жоғары болса – 3% мөлшерінде ақы төленеді.

Кімге және қандай себептер бойынша шетелге шығуды шектеуі мүмкін?

Заңның 33-бабына сәйкес борышкер болып табылатын жеке тұлға, заңды тұлғаның басшысы (оның міндетін атқарушы) атқарушылық құжаттағы 20 АЕК астам сомаға талаптарды орындамаған кезде, сондай-ақ мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды үш айдан астам орындамаған кезде сот орындаушысы көрсетілген адамдардың ҚР шығуын уақытша шектеу туралы қаулы шығаруға құқылы, ал өндіріп алушының өтініші бойынша осындай қаулы шығаруға міндетті.


Ең жоғарғы айыппұл қанша?

ӘкҚБК 608 бап, 8 тарауы бойынша 2019 жылдан бастап 200 АЕК, яғни 501 000 теңге төлейсіз. Бұл 2018 жылы 481 000 теңге болатын. Ал, ең төменгі айыппұлдар әдеттегідей 2 АЕК-тен басталады.

Алкогольге, есірткіге және (немесе) уытқұмарлыққа бой алдырған мас жүргізушінің көлік жүргізуі, сол сияқты көлік құралын алкоголь ішіп, есірткі шеккен және (немесе) уытқұмар, мас адамның басқаруына беру барысында авария тудырған, қора-жайды не жол секілді мүліктерге зақым келтірген және көлік жүргізу құқығы жоқ адамдар жасаған әрекеттерге қатысты әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталанған құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамақ жазасы тағайындалмаса 200 АЕК айыппұл салынады.



Тағы да оқыңыз: Енді ереже бұзсаң, «Е-айыппұл» жолда тоныңды шешіп алады


Жол ережесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық айыппұл кестесі. Жылдамдықты арттыру


1-кесте / Сурет informburо.kz


Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту


2-кесте / Сурет informburо.kz


Маневр жасау


3-кесте / Сурет informburо.kz


Жолда жүру


4-кесте / Сурет informburo.kz


Тоқтау, көлікті қою


5-кесте / Сурет informburо.kz


Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің талаптарын орындамау


6-кесте / Сурет informburo.kz


Жол-көлік оқиғасы және апатты жағдай


7-кесте / Сурет informburо.kz


Ішімдік ішу


8-кесте / Сурет informburo.kz


Жалпы міндеттер


9-кесте / Сурет informburо.kz


Экплуатация ережелері


10-кесте / Сурет informburо.kz



11-кесте / Сурет informburо.kz


Өзге де құқық бұзушылықтар


12-кесте / Сурет informburо.kz


Жаяу жүргіншілердің және басқа да қозғалысқа қатысушылардың құқық бұзуы


13-кесте / Сурет informburо.kz


Дереккөз: https://informburo.kz