2019 жылдан бастап көлікті сақтандыруда өзгеріс болады ма? — новости Казахстана

0

Жаңа жылдан бастап көлік жүргізушілер үшін электронды сақтандыру полисі 10 пайызға арзандауы мүмкін екенін Ranking.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Көрнекі фото: УзТАГ

Көрнекі фото: УзТАГ

2019 жылдың 1 қаңтарынан көлік жүргізушілерге сақтандырудың қағаздағы нұсқасы болмағаны үшін айыппұл салынбайды. Жол сақшылары оның бар-жоғын мәліметтер базасынан тексерететін болады.

Айта кететін жағдай, жаңа жылдан бастап сақтандыру шартын сақтандыру ұйымдарының ресми сайты арқылы жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Сақтандыру полисін онлайн сатып алу 10 пайызға арзан болуы ықтимал.

«Заңнама негізінде сақтандыру шартын өзгертуге, бұзуға өтініш бере аласыз. Сақтандыру шараларын онлайн түрде реттеу мүмкіндігі қарастылырған», — деді сақтандыру қауымдастығы.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар