2019 жылдан бастап аумақтық сайлау комиссиясының екі мүшесі тұрақты түрде жұмыс істейді

0
29 Қараша 2018, 19:15 250 0

Фото: Zakon.kz

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда 2019 жылдың 15 қаңтарына дейін сайлау комиссияларының жаңа құрамы жасақталып, комиссия төрағалары және олардың орынбасарлары мен хатшылары алғаш рет тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы сайлау ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Дәурен Ысқақов мәлімдеді.

«Аумақтық сайлау комиссияларының қазіргі құрамының мерзімі 2019 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады. Осы жылы Сайлау туралы Конституциялық заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Аталған өзгерістерге сәйкес аумақтық сайлау комиссияларында төраға, орынбасары, хатшысы кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейді.

— Оны кәсіби тұрақты негізде жұмыс істейтін сайлау комиссияларының мүшелерін бірінші жиналыста комиссияның өз құрамы тағайындалады. Тұрақты кәсіби негізде дегеніміз – әр уақытта комиссия жұмысын атқарады. Басқа жерде жұмыс істемейді. Орталық сайлау комиссиясының бюджет ашқасынан жалақысы төленіп отырады. Әр аумақтық сайлау комиссиясында екі мүшесі, яғни төраға немесе оның орынбасары және міндетті түрде хатшы тұрақты негізде жұмыс істеуі тиіс, — деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, аумақтық сайлау комиссиясының есептік құрамы өзгереді. Комиссия мүшелерінің саны сайланушылар санына тікелей байланысты болады. Осыған дейін барлық сайлау комиссиялары 7 мүшеден құралса, бүгінде олардың саны қысқаруы мүмкін.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ