2019: виза алу, уақыты, қажылық фирмалары

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Биыл Сауд Арабиясы қажылыққа виза алу жолын оңтайландырды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Енді қажылық баратын мұсылмандардың визаны электронды жүйе арқылы алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды muftyat.kz порталы.

Сауд Арабияының билігі осы жылы қажылыққа виза алу жолын жеңілдеткен. Бұл жүйе Рамазан айында тәжірибе ретінде енгізіліпті. Нәтижесінде Ұмраға (кіші қажылық) барғандар саны 30%-ке артқан.


©
Sputnik / Михаил Воскресенский

Қажылыққа барғандар Қағбаға қол тигізіп, дұға жасайды

Мүфтият таратқан мәліметке сәйкес, бұған дейін кейбір елдерде Сауд Арабиясы корольдігінің консулдық орталықтары болмаған. Осы себепті бірқатар қиындық туындады. Сондықтан бұл елдің сыртқы істер министрлігі қажылыққа виза беру тәртібіне жаңашылдықтар енгізді.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов биыл Қазақстаннан қажылыққа баратын азаматтар осы жүйені қолдана алатынын атап өтті.

«Мұның ұтымды тұсы көп. Бұған дейін туристік фирмалар виза рәсімдеу үшін Нұр-Сұлтан қаласындағы Сауд Арабиясының елшілігіне төлқұжат ұсынатын. Енді «Қажылық-2019″ маусымында қажылыққа баратын қазақстандықтардың визасын электронды жүйе арқылы алуға болады. Биылға дейін виза алу уақыты бірнеше күнге созылса, енді ол бір сағатта дайын болады. Осындай электронды виза беру үдерісіне көшкен Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағында электронды қызметті қолға алған алғашқы ел», — деді қажылық бөлімінің меңгерушісі.

Айта кетейік, осыған дейін қажылыққа баратын азаматтар құжаттарын әр облыстан жинап, Нұр-Сұлтан қаласына жеткізген болатын. Енді әрбір туристік фирма қажетті құжаттарды өз кеңсесінен шықпай-ақ тапсырып, қажылық визасын бір күнде рәсімдей алады.



sputniknews.kz