2019: грант иегерлерінің тізімі жарияланды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Нәтижені Ұлттық тестілеу орталығының сайты мен Telegram-бот арқылы білуге болады

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз — Sputnik. Биылғы магистратура гранты иегерлерінің аты-жөні белгілі болды, деп хабарлады Қазақстанның ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін орындаушы Дидар Смағұлов.

«Грантты компьютер бөледі, бірақ мұның маңызын түсіне отырып, әр тізімдемені қайта тексеріп шықтық, ал бұл – 12 000-нан астам жазба. Өйткені біздің орталық талапкерлердің құқығын бірінші орынға қояды», — деп жазды Дидар Смағұлов Facebook парақшасында.

Атап өтсек, тестілеу нәтижесін Testcenter.kz сайты немесе Konkurs_magistratura_2019 Telegram-боты арқылы білуге болады.

Тағы оқыңыз: 2019 жылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды

Ұлттық тестілеу орталығы өкілінің айтуынша, биыл 9 701 грант таратылды. Бірінші кезеңнен артылған гранттар сұранысқа ие мамандықтар бойынша үлестіріліпті. Ал 3 108 грант бюджетке қайтарылады.



sputniknews.kz