2019″ фоточеллендж: 10 жыл ішіндегі ең күлкілі өзгерістер

0
150
Қоғам

Қысқа сілтеме алу

47 0 0

2009 жыл мен 2019 жылды өзара салыстыру науқаны басталғалы бері түрлі әзіл суреттер шығып, желі қолданушыларын күлдірді

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Соңғы уақытта «10 жыл – дейін және кейін» атты флешмоб желіні жарды. Осы бір ерекше жобаға 10 миллиондай адам қатысқан. Әлеуметтік желі қолданушылары өткен өмірлерін еске алып, он жыл бұрынғы суреттерімен бөлісе бастады. Бұл флешмобқа танымал тұлғалар ғана емес, әзілқой жандар да ат салысқан екен. Sputnik Қазақстан назарларыңызға арада 10 жыл айырмашылығы бар ең күлкілі суреттерді ұсынады.

10 жыл ішінде жалақысы өзгермегендердің әзіл суреті.

​Ал мына мемді азық-түлік бағасы мен доллар бағамын аңдып отыратындар жасаған сияқты.

Мына әзіл-шыны аралас суреттің авторы көз дәрігеріне қаралуы тиіс.

Супермаркеттегі ұзын-сонар кезекке әлі тұрып жүргендерге осы мемді көрсету керек.

Internet Explorer браузерін жасауға Microsoft корпорациясы 20 жыл уақытын жұмсаған. Бірақ қолданушылардың басым көпшілігі сапасына разы емес.

Мына салыстыру әйелдерге арналады. Флешмоб көрсеткендей, олардың көпшілігі 10 жыл ішінде түк өзгермеген. Тек қиылған қастары болмаса…

Дегенмен мүлдем өзгермейтін дүниелер де жоқ емес:

Бұл флешмобда барлығын шаң қаптырып кеткен – Ким Кардашьянның өгей әкесі Брюс Дженнер. Он жыл ішінде ер адам жынысын ауыстырып, Кейтлин есімді ханымға айналды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/