2019-2020 оқу жылы: оқушылардың каникулы қашан?

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 2020 жылдың 25 мамырына дейін созылады

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз — Sputnik. Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын хабарлады.

Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:

  • 2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
  • бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;
  • күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);
  • қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);
  • көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).

Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Тағы оқыңыз: Жаңа білім министрі Әліппені қайтаруға уәде берді

Еске сала кетсек, астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтті. Президент мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есе өсіруді тапсырды.



sputniknews.kz