2018 жылы қазақстандықтарды елде болған қандай оқиғалар қызықтырды

0

Халықтың көпшілігін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылы өткен қысқы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің өлімі толғандырды. Сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейіне әсер ететін оқиғалар да үлкен қызығушылық тудырды. Олар: теңгенің әлсіреуі, әлеуметтік аударымдар мен салықтар көлемінің өзгеруі. Топ-10 оқиғалар тізіміне аурулардың таралуы және жаңа бағдарламалар, атап айтқанда, «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының басталуы және ұялы телефондардың тіркелуі кірді.

Телефондарды тіркеуге деген ең көп сұраныс қазан айында байқалды. «7-20-25» бағдарламасына қызығушылық жарияланғаннан бастап жылдың соңына дейін жоғары дәрежеде сақталды. Ал YouTube жұмысының бұзылуы адамдарды тек бірнеше күн ғана қызықтырды.

Елдегі топ-10 оқиғалар:

1. Денис Теннің өлімі

2. Менингиттің таралуы

3. Теңгенің әлсіреуі

4. «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының басталуы

5. YouTube жұмысының бұзылуы

6. Әлеуметтік аударымдар мен салықтар көлемінің өзгеруі

7. Ұялы телефондарды міндетті түрде тіркеуді енгізу

8. Астана банкінің дағдарысы, лицензияның тоқтатылуы

9. Гепатит А ауруының таралуы

10. Каспий теңізінің статусына қатысты келісімге қол қою

Қазақстанда болған оқиғалардың тізімі 2018 жылы 1 қаңтар мен 19 қараша айлары аралығында Яндекстің іздеу жүйесінің деректері негізінде құрастырылды.

Дереккөз: http://egemen.kz/