2018 жылы Астана қалай өзгерді? — новости Казахстана

0

2018 жылы Астанаға 20 жыл болды. Өткен жыл елорда үшін аса мерекелі түрде өтті. Бас қала сыйлықтарды қабылдап, қонақтарды қарсы алып жатты. Алайда, Астана xалқы үшін ұйымдастырылған түрлі ауқымды шараларлан гөрі күнделікті өмірдің қолайлылығы әлдеқайда маңызды. Ал 2018 жылы Астанада орын алған бірқатар өзгерістер дәл осы мәселе аясында болған.

2018 жылы Астана қалай өзгерді?

Даму деңгейі өсті

Астанадағы қар тазалау жұмысының сапасы биылдан бастап, қалалық бейнебақылау камералары арқылы тексеріледі. Тазалау шарасы түрлі заң бұзушылықты анықтайтын үш мың камерамен қадағалануда. Биліктің айтуынша, мұндай тәжірибе тәртіпке үйретпек. 2018 жылы елордада адам түрін анықтайтын жүйе, сол жағалауда 39 «ақылды» орындық іске қосылды. Оған қоса, ол орындықтарда ұялы телефонды қуаттандырып және Bluetooth арқылы өлең тыңдауға болады.

Тазалық кезінде

2018 жылы Астанада металл, пластик, қағаз және шыны тастайтын арнайы бактар пайда болды. Ал қаладағы кейбір аулаларда қоқыс контейнерлері мүлде жоғалып кетті. Енді қоқысты жер астында арнайы қораптарда сақтайтын болған.

2018 жылы Астана қалай өзгерді?

Қоғамдық көлік

2018 жылы елордадағы қоғамдық көліктер Astra Plat жобасы аясында көліктік карталдың көмегімен электронды төлеу жүйесіне түсті. Қаңтардан бастап тұрғындар автобустағы төлемді Astra Card пластикалық картасы арқылы іске асыруды бастаған.

Ақылды қала

Билік Астананы дәл осындай қала етуге тырысып жатыр. Биыл Астанада «Eurasian Book Fair – 2018» xалықаралық кітап көрмесі өтті. Назарбаев университетінде тәулік бойы істейтін залдар, автобус аялдамаларында интерактивті баннерлар ашылды. Ол жерде QR-код көмегімен смартфонға кітапты тенін жащып алуға болады.

2018 жылы Астана қалай өзгерді?

Өңірлік сый

2018 жылы елордада алғашқы ботаникалық бақ ашылды. Қалада xалықаралық келісім аллеясы мен шие бағын салынды. Жаңа демалыс орындары арасынан «Чемодандар паркі» мен «ғажайып бағы» пайда болды. Астананың 20 жылдығына орай өңірлер бірқатар сый жасады. Олар «Ақжайық» саябағы, «Ұлытау» аллеясы, ракета-ғарыштық техника мұражайының экспозициясы, жаяу жүргіншілер көпірі, 56 шақырымдық велосипед жолы мен «Әлем қабырғасын» тарту еткен.

Ой алаңы

Елорда сенімді түрде жаңа технологиялармен, жаңа ойлар мен бас қаладағы халықт өмірін барынша қолайлы етуге талпынған адамдармен толығуда. Астанада бір жыл ішінде Astana Innovations Challenge 2018 жобасы аясында бірнеше іс-шара болып өтті. Стартап-марафонның басты мақсаты – «ақылды» қала концепциясын іске асыру мен қаланың маңызды мәселелерін шешу.